Жаңа жылдан кейін асқазанның қызметі бұзылып, қыжу басталып, тағам көтере алмайтын жағдайға тап болатын адам баршылық. Себебі, біраз күндік демалысқа жетерліктей жасалатын тағам түрлерінің молдығы, салат түрлерінің әртүрлілігі біздің ағзамызға тым ауыр. Сол себепті, осындай ауыр күндерден кейін асқазанға пайдалы, жеңіл сорпаның жасалу жолын назарларыңызға ұсынамыз:
Жаңажылдық дастарқанға тағам алу кезінде майсыз тауықты да алыңыз. Егер алдын ала олай қамданбасаңыз, қамықпаңыз. Мұздатқыштан бір сүйек алып, еттерін біраз сылып тастап, қазанға салып асыңыз. Пісуге жақындағанда 1-2 сәбіз, 1-2 қызанақ, 1 картоп салыңыз.Оттан түсірер алдында ішіне желкен, аскөк салыңыз.
Сорпаны майлы етпей дайындауға тырысыңыз.
Бұл сорпа асқазан қызметін қалпына келтіреді.
Асыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz