Таңғы асыңыз дайын! Бұл сөйлем қыздар қауымы үшін сирек әрі жағымды естіледі. Осы күндері мұның бәрі арман. Алайды күні бойы жұмыста отыратын ерлі-зайыптылардың бір сарынды өмірін қалыпқа келтіріп, романтика қосуға болады.
Таңғы асты кім ұсынуы тиіс? Осыдан он мың жыл бұрын осы сұрақты қойғанымызда көпшілік күлетін еді. Ол кезде ер адамдар азық-түлік алып келсе, әйелдер ас әзірлеген. Ал қазір жағдай өзгеше. Азық-түліктің ақшасын ерлі-зайыптылар бірлесіп табады және төлейді. Қызығушылықтарына байланысты екеуі де жұмыс істейді. Мұндай жағдайда күнделікті таңғы асты бір адамнан ғана талап ету ыңғайыссыздық сезімін тудырады.
Барлығы да жанға жайлылық сыйлауы тиіс
Таңғы ас дайындауды орындалуы тиіс міндетке айналдырмай, жарыңызды қуанту үшін жасаған жөн. Сол себепті оны шын көңілімен жасағысы келген адам ғана дайындайды. Мысалы, сүйіктіңізден бұрын оянған күндері жасауыңызға болады. Бойға күш-қуат жинап, жақсы көңіл-күйге ие боласыз. Күн де сәтті өтеді!
Жақындарын қатты жақсы көріп тұрса да, оларға көңіліндегідей көмек көрсете алмайтын жандар бар. Олар әдетте түрлі тағамдардың әзірленуі жазылған кітаптарға жүгінеді.
Кейбір адамдар өздерінің ас үйде жүргенін елестете алмайды. Олардың дайындаған тағамдары денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Осы секілді жағдайлар болмас үшін, назарларыңызға оңай жасалатын тағамдар ұсынамыз:
Кесіліп қуырылған нан
Әдетте төртбұрыш етіп кесетін нанды жүрек формысында кесуге болады. Артынша тостерде пісіріп, бетіне тәтті жемістерден жасалған тосап жағу қажет.
Жеміс-жидектерден жасалған салат
Оны кез келген адам жасай алады. Қолымызда бар жемістерді турап йогуртпен араластырамыз. Бастысы денсаулыққа пайдалы.
Қуырылған жұмыртқа
Қуырылып, жан-жағы жасыл шөппен әшекейленген жұмыртқа әрдайым дәмді көрінеді. Сүтті әдемі стақанға құйып, сүйіктіңізге жазылған тілекті бастырып қойсаңыз болады.
Табиғат аясындағы таңғы ас
Қала сыртында үйлеріміз болса, бақшасына кішігірім романтикалық таңғы ас ұйымдастыруға болады. Психологтардың айтуынша, мұндай таңғы асты тоқылған киімдер киіп отырып ішу жанға жайлылық сыйлайды.
Жақын адамдарыңызды түрліше қуантуға болады. Бастысы сол қуаныштарды қажеттіліктен емес, жүректен шынайылықтан қуанту. Күндеріңіз сәтті өтсін!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lori.ru