- Негізгі бет
- Аспаздық
- Италия бойжеткендері ұстайтын...
Италия бойжеткендері ұстайтын "көбелек" диетасы
Кез келген бойжеткен өмірінде бір рет болсын диета ұстаған шығар. Өкінішке орай, олардың барлығы да пайдалы деп айта алмаймыз. Осыған орай жылдам арықтауға көмектесетін, «көбелек» диетасын ұсынуды жөн көрдік. Бұл диета Миланда кеңінен таралған. Оны «Farfalla» деп атайды. Италия елінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, әрбір бесінші тұрғынның осы диетаны ұстағанын көреміз. Ал оның не себепті көбелек деп аталатынына келсек, мәселе оның өзімізді барынша жеңіл сезінуге әсер ететіндігінде.
Өзіміздің ұлттық асханамыздан аса айырмашылығы жоқ. Оны италия асханасын жақсы көретін бойжеткендер қуана ұстайтыны анық. Күнделікті тағамдардың қатарында болгар бұрышы, қызанақ, латук жапырағы, пармезан ірімшігі, сиыр еті, зәйтүн, зәйтүн майы бар.
6 күнге арналған тамақтану тәртібі:
1-күн:
Таңғы ас – 70 гр бұқтырылған немесе пісірілген сиыр еті мен 2 қызанақ;
Түскі ас – 10 бадана (спаржевая фасоль) мен 8 зәйтүн;
Кешкі ас – 3 болгар бұрышы, 1 қасық зәйтүн майына араластырылған лимон тамшысы мен латук жапырағы.
2-күн:
Таңғы ас – 2 тәтті апельсин мен сары өрік;
Түскі ас – 70 гр тауық еті, латунның 4 жапырағы, үккіштен өткізілген пармезаннан 3 қасық;
Кешкі ас – жержаңғақ, 1 қызыл алма.
3-күн:
Таңғы ас – 150 гр кез келген жеміс;
Түскі ас - «Macedonia» салаты. Құрамына киви, алма, алмұрт және апельсин шырыны кіреді;
Кешкі ас – пеште пісірілген нәлім етінен 50 гр немесе кез келген ақ балықты жеуге болады.
4-күн:
Таңғы ас – 2 грек жаңғағы мен жүзім;
Түскі ас – қызанақ пастасы қосылған спагетти;
Кешкі ас – сиырдың 80 гр еті мен 2 қияр.
5-күн:
Таңғы ас – жержаңғақ пен табиғи йогурт;
Түскі ас – қызанақ, болгар бұрышы, ақжелкен қосылған сиыр еті;
Кешкі ас – түскі асқа әзірленген тағам.
6-күн:
Таңғы ас – 1 стақан апельсин шырыны;
Түскі ас – 70 гр пісірілген күріш, тауық жұмыртқасы.
Кешкі ас – ананас.
Әсерін үшінші күннен бастап байқауға болады.
Ал сіз қандай диета ұстадыңыз?
Қ. Бүйенбай