- Негізгі бет
- Аспаздық
- Иммунитетті нығайтатын қоспа...
Иммунитетті нығайтатын қоспа
Сіздерге ұсынылатын қоспа жүрек жұмысын жақсартып, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді. Мұнымен қатар, иммунитетті нығайтуға көмектеседі.
Бізге қажет азық-түліктер:
1) 300 г грек жаңғағы
2) 300 г кептірілген өрік
3) 300 г інжір
4) 300 г қара өрік
5) 300 г қара мейіз
6) 2 стақан бал
7) 2 лимон
Кептірілген өрік – калийдің қайнар көзі.
Қара өрік ішек жолын тазалайды.
Мейіз миды қоректендіреді.
Жаңғақ жүрек ауруларын емдейді.
Лимон мен балдың пайдасы мол екеніне ешкім күмән келтіре қоймас.
Жоғарыдағы жеті дәмнен өзге жаңғақ түрлері (бадам, жержаңғақ, пісте) мен кептірілген жемістерден (құрма) қосам десеңіз, еркіңіз білсін. Кептірілген жемістерді жылы сумен жақсылап жуып, аздап кептіреміз. Барлық қоспаны, лимонды қабығымен қоса ет тартқыштан өткіземіз. Үккіштен де өткізуге болады. Барлығын балмен жақсылап араластырамыз. Осымен қоспамыз дайын. Оны салқын жерде сақтағаныңыз жөн.
Тамақ жер алдында күніне 2-3 рет бір шай қасықтан қабылдап тұрсаңыз болады. Иммунитетіңіз нығайып шыға келеді. Суық тию сияқты ауруларды атымен ұмытатын боласыз. Балаға да күніне бір қасықтан беріп отырсаңыз, пайдасы мол. Қоспамыз таусылғанға дейін қолданып, арада 1-2 ай өткен соң қайталап дайындай берсеңіз болады.
@. @assel_assanova