- Негізгі бет
- Аспаздық
- Хинкалиді қалай жейді?...
Хинкалиді қалай жейді?
Грузин асханасы соңғы уақытта қазақстандықтар арасында кеңінен танымал. Әсіресе, хинкали мен хачапуриді атағанда, бірден тәбетіміз ашылып, қазір-ақ грузин мейрамханасына барғымыз келіп тұрады. Бүгін "Хинкалиді қалай жейді?" деген жиі мазалайтын сұрақтардың біріне жауап беретін боламыз.
Хинкалидің ішіне балық не ірімшік қосуға бола ма?
Хинкалиді басында ұннан, қой еті, сарымсақ пен пияздан дайындаған. Бүгінде туралған етке күнзе (кинза), бұрыш секілді арнайы дәмдеуіштерді қосады. Хинкали ет өнімдерін тұтынатын аймақтарда да кеңінен дайындала бастады, сол себепті салмасы да өзгерді. Сиыр еті, шошқа еті де қосылды. Ал, Қара теңіз жағалауынан балықпен дайындалған хинкалиді табуға болады. Кей жерде ірімшікпен, саңырауқұлақпен не картоппен дайындайды.
Хинкалидің қасына қандай тұздық тапсырыс беруге болады?
Хинкалиді қаймақпен не сацебили тұздығымен жейді. Бірақ, ең дұрысы тұздықсыз жеу. Өйткені, бар қажет дәмдеуіш тағам құрамына қосылған. Тек қара бұрыш қоссаңыз жетеді. Егер ірімшікті хинкали болса, үстіне бір шай қасық сары май қоссаңыз дәмді бола түседі.
Хинкалиді қалай жейді?
Әдетте хинкалиді қолмен жейді немесе оратылған аймағына шынышқы қадау арқылы жейді. Бастысы — шынышқыны салма тұрған аймаққа қадамау. Өйткені, бар сорпасы сыртқа төгіледі. Сондықтан, алдымен хинкалиді бір тістеп, ішіндегі сорпасыңыз ішкеніңіз жөн. Егер хинкали суып қалса, оны жылытпай, майда бір қуырып алғаныңыз дұрыс.
Хинкалидың оратылған аймағын (құйрықша) жеген дұрыс па?
Хинкалидің құйрықшасы жеуге арналмаған. Өйткені, нан тығыз қабатталғандықтан, құйрықшаның іші дұрыс піспейді.
Қандай сусын тапсырыс беремін?
Алкогольді өнімдер арасында сыраны таңдаған жөн. Шарапты хинкалимен араластырмағаныңыз абзал. Дұрысы — көк шай.