- Негізгі бет
- Аспаздық
- Грейпфруттың зияны бар...
Грейпфруттың зияны бар ма?
Грейпфрут – цитрусты жеміс. Ол апельсин мен помелоның тоғысуынан пайда болған жеміс. Грейпфрут ағашының ұзындығы 12 метрге дейін жетеді, ал жемісінің алмағы - 500 грамм.
Грейпфруттің пайдасы қандай?
Оның құрамында В, Р, D, С дәрумендері мен А продәрумені бар. С дәрумені лимонға қарағанда көбірек болады. Сондай-ақ ол органикалық қышқыл, минералды тұздар, пектин, фитонцид, нарингин және эфир майларына бай.
Олар асқазан-ішек жолдарына пайдалы әрі қан құрамындағы холестериннің азаюына септігін тигізеді.
Жемістің иісі мен құрамындағы пайдалы заттар адамға аса пайдалы әрі ағзасындағы көптеген үдерістерді қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар күйзелісті де емдейтін қасиетке ие.
Грейпфрут диета нормасына да кіретін ингредиент. Күнделікті тағам мәзіріне жарты грейпфруттан қосып, жеп тұру керек.
Сондай-ақ грейпфрут қан құрамындағы қантты азайтатын қасиетке ие, сол себепті оны дәрігерлер диабет ауруына шалдыққан адамдарға ұсынып жатады.
Оны косметика жасауда да қолданып жатады.
Құрамындағы пектин қан құрамындағы холестеринді азайтып, жүрек ауруларының алдын алады.
Грейпфруттің қабығымен қыжылды да емдеуге болады. Ол үшін қабықты ұсақ үккіште үгітіп, күніне 1 шай қасықтан жеу керек. Ол асқазан ауруын емдейді.
Грейпфруттың зияны бар ма?
Асқазанда жарасы бар, асқазанында қышқыл құрамы басым келетін адамдарға жеуге болмайды. Бала көтертпейтін дәрілерді қабылдайтын әйелдерге де жеуге болмайды, себебі ол дәріні жарамсыз етіп, денсаулыққа да кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар бұл жемісті қан қысымын азайтатын дәрілермен қатар қабылдауға болмайды.
Егер бүйрегіңіз ауратын болса бұл жемісті жеуге болмайды. Сонымен қатар грейпфрутты үнемі жесеңіз, тіс эмалы бұзылады.
Грейпфрутты қалай таңдау керек?
Дәмі жақсы, пайдалы құрамын сақтап қалған жемісті таңдауда бірнеше факторды ескеру керек. Ең алдымен, оның салмағы. Грейпфрут неғұрлым ауыр болса, соғұрлым шырынды болады. Ең дәмдісін табу үшін қабығына назар аударыңыз. Егер жеміс қоңыр немесе жасылдау реңкті болса, шошымаңыз, ең бастысы ол ауыр, жұмсақ және соғылмаған болуы керек.
Сонымен қатар жемістің иісіне де мән беру керек. Егер оның иісі қатты болса, демек әбден піскен, шырынды жеміс. Айтпақшы, қызыл грейпфруттың құрамында ликопин көп болғандықтан, мықты антиоксидант саналады. Сол себепті қызыл грейпфрут ең пайдалы түріне жатады.
Ұқсас жазбалар:
Киви жемісінің пайдасы бар ма?
Ф. Абилова