Украиндық ғалымдар адам бойындағы қуатты арттыртын, ми жұмысын жақсартатын шоколод ойлап тапты. Жаңа өнім арықтауға да көмектеседі екен.
Модификацияланған тәттілердің құрамына арнайы микроэлементтер мен дәрумендер, сонымен қатар өрік пен жаңғақ кірген.
Қазірдің өзінде тәттілердің үш түрі ел дүкендерінде сатылып жатыр: "Спорт энергиясы", "Импульс" және "Драйв". "Біз кәмпиттерді негізінен спортшылар үшін жасадық. Әр тұтынушы тәттіні айналысып жүрген спорт түріне қарай таңдай алады", - деді сұхбат берген идея авторларының бірі Людмила Сеногонова.
Кәмпиттер жақын арада әлемдік нарыққа шығады деп күтілуде. Тәттінің килограмы шамамен 1000 теңгеге сатылатын болады.
Айта кетелік, өнімді нарыққа шығармас бұрын ғалымдар кәмпитті Украинының спортшыларына жегізіп, тәжірибе жасап көрген. Нәтижесінде эксперимент қатысушыларының спорттағы көрсеткіштері жақсарған.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: oformi.net