Бізге керегі:
• 70 гр. маргарин
• 1 түйін балдыркөк немесе иісті желкен
• 1 түйін аскөк
• 1 сәбіз
• 1 пияз
• 3-4 картоп
• дәмдеуіш кориандр, тимьян (1 шай қасық), қызыл бұрыш (аздап қана)
• 2 лавр жапырағы
• тұз
• 150-200 гр.күріш немесе басқа дән
Қазанды қыздырып, маргарин саламыз. Артынан бірден ұсақ қылып туралған балдыркөкті, лавр жапырағын, аскөкті, пиязды, сәбізді саламыз. Дәмдеуіштермен демдейміз. Тұздаймыз.
Ұсақ төртбұрыш болып туралған картобымызды саламыз. Қызыл бұрыш қосамыз. Картоптың жұмсарғанын күтеміз. Бәрін араластырып тұрамыз.
5-6 минуттан кейін күрішімізді саламыз. Күрішті 2-3 минут қуырамыз.
Үстіне қайнаған суды немесе дайын сорпаны құямыз. Тұзын көреміз. Отты ақырындатамыз.
20-25 минуттан кейін дәмі тіл үйірер, жасалу жолы оңай Андрей Рудьков ұсынған француз сорпасы дайын.
Асымызға береке берсін!