- Негізгі бет
- Аспаздық
- Фейхоа жемісінің дәмін...
Фейхоа жемісінің дәмін татып көрдіңіз бе?
Сыртқы пішіні ұсақ қиярға ұқсайтын фейхоа жемісін дүкен сөрелерінен жиі байқауға болады. Оны міндетті түрде сатып алып, дәмін татып көріңіз.
Құлпынай мен ананас араласқан дәмі мен иісі тамсандырады. Жаңа піскенін таңдау арқылы ғана оның ерекше қасиеттерін байқай аласыз.
Жемістің тәтті әрі жұмсақ еті жеуге жарамды, ал ақ еті - әлі піспегендігінің, қоңыр еті – жеуге жарамсыз, мерзімі өтіп кеткендігінің белгісі.
25 ккалдан құралған бір ғана фейхоа жемісінің құрамында әртүрлі дәрумен бар. Оның 50 грамында төмендегідей заттар болады:
♦ 10 грамм С дәрумені;
♦ 0,5 грамм ақуыз;
♦ 0,5 грамм май;
♦ 5 грамм көмірсу;
♦ 0,6 грамм жасұнық;
♦ 0,085 грамм кальций;
♦ 0,05 грамм фосфор;
♦ 0,01 грамм натрий;
♦ 0,044 грамм калий;
♦ сахароза (өсімдік сөлінде болатын ақ кристалл тәрізді қант).
Бұл жемісті қалай жеу керектігін, қандай тағамдармен араластыруға болатындығын, қандай пайдасы бар екенін көбісі біле бермейді. Ең бастысы, бір жасқа дейінгі балаларда аллергия болмау керек.
1. Фейхоа жемісінің қабығы да пайдалы. Алайда қабығының уылдыратын дәмі болады. Құрамында антиоксидант, дәрумен, минералдар болатындықтан, қоқысқа тастамай шайға қосыңыз.
2. Фейхоа жемісін жеуге және компот, тосап, салат, джем дайындауға, қантпен араластырып тоңызытқышта ұзақ уақыт сақтауға болады.
3. Бұл - құрамында йод көп мөлшерде кездесетін жеміс. Теңіз, балық тағамдарын алмастырады.
Оны бөлме өсімдігі ретінде де өсіруге де болады.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай