Қазақ «ет дегенде бет бар ма» деген. Біздің халқымыз үшін асымыздың сәні мен мәнін кіргізер – төрт-түліктің еті, ал оның жұмсақ боп пісуі – ас үй ханшайымының мәртебесі. Әсіресе, кәуап пісіргенде ет әбден маринадталған болса, «жемесең түсіңе, жесең тісіңе кірмейді».
Қатты етті су қосылған картоп крахмалында жібітіп алсаңыз, ол қытырлап ауызда еритін тағамға айналады.
Орамжапырақ не қияр тұздығы – ең ұтымды нұсқа. Оны тіпті тұздаудың да қажеті шамалы.
Газды минералды су – етті жұмсартудың тексерілген тәсілі. «Ессентуки» не «Боржоми» сусындарынан артығы жоқ.