1. Шырайлы Шымкенттен шығатын «Сарыағаш» сусыны. Ет салған қазаныңызға 1,5 литрлік газдалған Сарығаштың біреуін құйып жіберсеңіз етіңіз аз ғана уақытта балбырап, жұп-жұмсақ болып піседі.
2. Келесі әдіс – ет асқан кезде қазанның түбіне етпен бірген кішкентай шыны банка салып жіберіңіз. Етіңіз балбырап, жылдам піседі.
3. Ет асқан ыдысыңызға бір шымшым ас содасын салып жіберіңіз.
4. Етті асқан бойда бір ас қасық сұйық май құйып жіберіңіз.
5. Ет салынған ыдысқа 1-2 қасық ас үйге арналған сірке суын құйсаңыз, етіңіз жұп-жұмсақ болып піседі.
6. Қатты етке тап болдыңыз делік, асығыс болмаса асатын етті сәл жұмсарту үшін түнде қыша (горчица) жағып тастаңыз. Ал, етті пісіретін уақытта салқын сумен шайып жіберіп, суға сүңгітсеңіз балбырап шыға келеді.