Етті жылдам әрі жұмсақ етіп пісіру әдісі

Етті жылдам әрі жұмсақ етіп пісіру әдісі
Фото: vk.com

Қазақтың сүйсініп жейтін сүйікті асы – жылқы еті. Төрт түліктің төресі саналатын жылқы малының еті әрбір қазақтың дастарханынан табылады. «Қонақ келсе құт келеді» деп білетін халқымыз соғымның ең дәмді де нәрлісін мейманына ұсынатыны тағы бар. Күтпеген жерден үйіңізге құтты қонақтар келіп қалды делік. Етті жылдам әрі жұмсақ етіп пісіру үшін қулығыңызға жарайтын бірнеше кеңеспен бөліскіміз келеді.

1. Шырайлы Шымкенттен шығатын «Сарыағаш» сусыны. Ет салған қазаныңызға 1,5 литрлік газдалған Сарығаштың біреуін құйып жіберсеңіз етіңіз аз ғана уақытта балбырап, жұп-жұмсақ болып піседі.

2. Келесі әдіс – ет  асқан кезде қазанның түбіне етпен бірген кішкентай шыны банка салып жіберіңіз. Етіңіз балбырап, жылдам піседі.

3. Ет асқан ыдысыңызға бір шымшым ас содасын салып жіберіңіз.

4. Етті асқан бойда бір ас қасық сұйық май құйып жіберіңіз.

5. Ет салынған ыдысқа 1-2 қасық ас үйге арналған сірке суын құйсаңыз, етіңіз жұп-жұмсақ болып піседі.

6. Қатты етке тап болдыңыз делік, асығыс болмаса асатын етті сәл жұмсарту үшін түнде қыша (горчица) жағып тастаңыз. Ал, етті пісіретін уақытта салқын сумен шайып жіберіп, суға сүңгітсеңіз балбырап шыға келеді.

Р. Роза