Ет тартқышсыз тез арада фарш дайындау жолы

Ет тартқышсыз тез арада фарш дайындау жолы

Тоңазытқыштың қатырғышын ашып қалғанда мұз боп қатып жатқан етті көріп, "осыдан бәлем, фрикаделькамен дәмді етіп сорпа жасамасам ба?" деп білек сыбанғанымызбен, ет тартқышты жуудың қиындығы еске түскенде, ол райымыздан қайтып қалатынымыз бар.

Сөйтсек, бәріне ыңғайлы жақсы бір тәсіл бар екен. Фарш та дайын, ет тартқыш та тап-таза күйінде! 

Мұздатқышта қатырылған бір бөлік етті алып, бөлме температурасына қоя тұрамыз. 15 минуттай сәл ғана ерігенімен, әлі қатты күйінде қалуы керек. Сосын оны ірі теркамен өткіземіз. Етті осылайша өткізу картопты өткізумен бірдей-ақ болады. 

Терканы жуу ет тартқышты жууға қарағанда әлдеқайда оңай. Әсіресе, кішкентай бала қолбайлау болса және шағын порция жасаған кезде бұл әдіс көмекке келеді деген ойдамыз. 

Сурет: neoklimat.ru, meatbaza.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Р. Роза