Киви – соңғы отыз жылда әлемдік жеміс-жидек нарығын жаулап алған «дәруменді бомба». Киви нарыққа шыққан соң, көп өтпестен шырынды жемісі мен хош иісінің арқасында әлем халықтарының асқазанын оп-оңай жаулап алып, кең танымалдылыққа ие болды. «Дәруменді бомба» атаулының себебі, кивидің құрамында өте көп С дәрумені бар. Мамандардың айтуынша, кивиді жиі ауызға алып тұрар болсаңыз, ағзаға инфекцияның таралуын тежеп, иммунды жүйені нығайтып, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, ағзаның қатерлі ісікпен күресуін арттырып, жүйке жүйесін жақсартады екен. Басқа жемiстерден айырмашылығы оның консервiлеуде бүлінбеуі. Сондай-ақ, жеміс Е дәруменіне бай. Киви — бұл пайдалы азық ғана емес, сонымен бiрге косметикалық дәрi-дәрмек. Тазаланған кивидің қабығын лақтырып тастамаңыз, олардың iшiнен тұлға үшiн масканы жасауға болады. Киви шырыны терiнi сергiтiп, жасартады.
Ал оның шығу тегін білу үшін, тарих беттерін парақтап өткеніміз жөн болар.
Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын (шамамен 1904 жылдары) Қытай жерінде михутао атты көрінісі көз тартарлықтай шырмауық өсіпті. Көктем келісімен ол ақ және алтын-сары түсті гүлдер ашып, өзіне жақын орналасқан ағаштардың барлығын әрлендіріп жібереді екен. Сұлулығында мін болмағандығы соншалықты, шығыс ақындарының барлығы михутаоға жыр арнаған көрінеді. Шетелден келген қонақтар шырмауықты көргенде ауыздарының суы құрып, өзімен бірге бір бұтағын болсын алып кетуді бақыт санаған деседі.
Содан бір күні шырмауықтың ұрығы Жаңа Зеландияның бір атақты бақшашы азаматының қолына түсіп қалады. Тыныш отыруды жөн көрмеген бақшашы шырмауықтың пайдасыздығын ұнатпай, оны будандастырып жеміс алуды ойластырады. Және ол ойы 30 жылдан кейін жүзеге асады.
Ғажап! Шырмауықтың жемісі балдай тәтті, ал түсі меруерттей ерекше болып шығады. Бақташының өзі таң-тамаша болады! Жемістің «есек терілес» киім кие шыққандығын өзі де түсінбей қалады. Мұны естіген тағы да бір бақташы көмекке келіп, екеуі жемісті тағы да өзгеріске түсіреді де, көптеп өсіре бастайды. Аз уақыт өтпей-ақ, шырмауық жемістері, тау, теңіз асып, алыс-жақын шетелдерге таратылады да, танымалдығы арта түседі. Жеміске қысқа ғана киви деген ат беріледі. Киви – Жаңа Зеландияда өмір сүретін ерекше құс. Және ол Жаңа Зеландияның нышаны саналады. Сондықтан да, халық бұл атты жаңа жеміске де тағуды жөн көреді.
Аңызға сенбесеңіз, киви жемісін алыңыз да, екіге бөліңіз. Оның ортасында тұрған әдемі жұлдызшаны байқадыңыз ба? Бұл - сұлулығы мен махаббатын тарту етіп тұрған михутао гүлінің бейнесі.
Суреттер:vkusnoe.info, sushifan.ru
Дайындаған:Айгерім Сматуллаева