Осы күнге дейін пиццаның түрлісінің дәмін татып көрген шығарсыз. Бірақ оны бүгінгі біз ұсынатын әдіспен жасап көрмегеніңіз анық. Оны әзірлеу үшін бізге пиццаға арналған қамыр, жарты стақан қызанақ тұздығы, ұн, бір стақан үккіштен өткізілген ірімшік, 2 ас қасық сары май, жұмыртқа, шұжық қажет.
Қамырды жайып, тұздық жағамыз. Оның үстіне ірімшікті саламыз.
Бетіне шұжықты тізіп, ораймыз.
Суреттегідей етіп кесіп, бетіне ірімшік себеміз.
Әдеттегі пиццадай пеште пісіреміз. Астарыңыз дәмді болсын!