Ең пайдалы сусындар

Ең пайдалы сусындар
Фото: 1zoom.net

Денсаулығымызға пайдалы, ағзамызға игі әсер ететін сусындар туралы не білесіз?

Су

Су ағзадағы токсиндерді шығарып, асқазан қызметін қалыпта ұстап, буындар мен сүйектерге игі әсер етеді.

Анар шырыны

Жүрек пен қан тамырлары қызметін қалыпқа келтіреді. Анемия мен гипертония аурулары кезінде аса пайдалы.

Жалбыз шайы

Асқазан сөлінің шығуына көмектеседі. Қан қысымын төмендетіп, жүйкені тыныштандырады, ұйқысыздықты емдейді.

Айран

Айран ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Алма шырыны

Бүйрек пен бауыр қызметіне игі әсер етеді. Әрі алма шырыны денсаулыққа пайдалы дәрумендерге бай.

Мүкжидек морсы

Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, иммунитетті нығайтуга әсер етеді. Әрі дене ыстығын да баса алатын қасиетке ие.

Түймедақ шайы

Антибактериялы әсері, жүйкені тыныштыратын қасиеттері бар.

Ф. Абилова