Жаз мезгілінде түрлі тағам дайындауға болады. Жақындарыздың көңілін аулайтын уақыт та келген сияқты. Сондықтан назарларыңызға желе дайындау тәсілін ұсынамыз. Оның көмегімен жақындарыңызды таңқалдырасыз деген ойдамыз.
Ол үшін бізге 2–3 кг қарбыз, 0,5 л қайнаған су, 0,5 л пакет желатин, 170 г қызыл түсті желе, майда шоколад кәмпиттер қажет.
Қарбыздың ішін босатып, сыртын жақсылап жуамыз.
Желатин мен желені ыдысқа салып, үстіне ыстық су құямыз.
Артынша барлығын қарбыздың ішіне құямыз.
Дәл қарбызға ұқсағанын қаласаңыз, арасына шоколад кәмпиттер салып қоюыңызға болады.
Дайын болған қарбызды тоңазытқышқа бір түнге салып қоямыз. Осымен асымыз дайын.