Бұл сұрақты бұрын-соңды ойланбағаныңыз анық. Иә, бірақ несіне ойланасыз. Асхананың күнделікті тұрмысында тұтынатын қажеттіліктің бүге-шігесін кім біле бергісі келеді... Сонда да мүмкін аталған сұрақты іні-қарындасыңыз немесе болашақта балаларыңыз сұрап қалуы мүмкін ғой?
Галереяға барып сұлу, әдемі қыз-келіншектердің суретін тамашалау қандай ғанибет болса, сол бикештердің асханаға барып шанышқысыз екі қолмен тамақтанып отырғаны сондай жиіркенішті. Қарағыңыз келмесі анық. Қаныңыз басыңызға шауып, нағыз сұлулық деп жүргенім алдады дерсіз.
Ендеше, ең алғашқы шанышқы XVI-XVIII ғасырлардағы Шығыс Азияның тарихымен тамырласып жатыр. Яғни сол уақыттың адамдары бастапқыда ет тағамдарын үш саусақпен жеп әдеттенген. Тазалық үшін арнайы майлықтар қолданысқа еніп, тұрмыстың қатаң қағидасы есепті қолды тек сол майлықпен сүрткен. Кейінірек Еуропада (шанышқы Византия арқылы Италияға барған деген тарихтағы естеліктер) байлардың дәуірі орнап тұрған кезде, отбасылық мәзірде арнайы қолғап сияқты дүние орын алған. Астан тұрған соң, сол қолғапты екінші мәрте тұтынбайтын болған. Бірақ, шанышқы сол уақытта "өмір сүріп" жатпады ма?...
Ең бірінші шанышқылар үлкен әрі бір тісті болған дейді. Кейінірек екі тіске ауысқан екен дейді. Дейтіні дейтін, ауысқаны ауысқан шығар. Себебі, ол кездің адамдары ірі болған және тағамды да көп тұтынатыны анық. Әрі тәрпіш болған деген де қайшы пікірлер бар. Өйткені, оған себеп болатын күнделікті аста сол екі тісті шанышқылар мүлде басқа қызметте пайдаланылғаны. Мәдениеттілеп айтсақ, майлы еттер тұтынушының талғамына байланысты желінбейтін болса, шанышқымен алынып тасталған. Ал кейбір қайырымды ақсүйектер болса, етті екі қолмен бірдей жеп, «үлкен мәдениеттілік» үлгісін танытқан-мыс.
Неополитан атындағы ұлттық мұражайда антикалық дәуірге жататын шанышқы бар. Аталған шанышқы Италияның оңтүстік-батысынан табылған. Жер астында екі жарым мыңға жуық жыл сақталып жатқан.
Сурет: goldenvilka.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт