- Негізгі бет
- Аспаздық
- Елбасылардың сүйікті асы...
Елбасылардың сүйікті асы
Бернард Восьен бүгінде зейнетке шыққан жан. Зейнетке шықпай тұрып 40 жыл өмірін аспаздыққа арнаған. Осы уақыт аралығында француз президенттеріне дәм дайындаумен болыпты. Таяуда француз азаматы қолынан дәм татқан президенттердің сүйікті астары турасында сыр бөлісіпті.
Восьеннің айтуы бойынша, Жак Ширак ұлу мен ашытылған қырыққабаттарға ерекше ден қойса, Франсуа Миттеранға теңіз өнімдері жаққан екен. Ал Николя Саркозидің ірімшіксіз күні болмайтын болған, қазіргі президенті Франсуа Олланд тамақ талғамайтын көрінеді.
* * *
Төменде сіз әлемдік көшбасшылардың сүйікті (немесе ұнамсыз) астары турасында аздаған ақпарға қанық боласыз:
Дінмұхамед Қонаев
Қазақстанды 24 жыл басқарған Дінмұхамед Қонаевтың сүйікті астарының бірі палау мен жылқы еті болған. Қамырдан жасалған "бақалшықтарды" жақсы көріпті.
Маргарет Тэтчер
Сүйікті асы: піскен жұмыртқа, қара кофе, қызанақ, салат, грейпфрут және ет. Күнделік тұрмыста өз асын өзі дайындауды құп көріпті.
Эво Моралес
Боливияның президенті Эво Моралес 2010 жылы тауықты гомосексуализмге басты себеп ретінде қарастырғаны үшін басы дауға қала жаздаған еді...
Сүйікті асы: квиноа құсының сорпасы. Батыстың фастфуд секілді өнімдерін ұнатпайды.
Ричард Никсон
Никсонның кетчупке деген махаббаты бәріңізге белгілі болар. АҚШ-тың бұрынғы президентінің жеңіл тамағы кетчуп төгілген, ананас бөлігі қосылған тығыздалған ірімшік болыпты. Мұндай дәм үйлесімін таңғы асқа қолайлы көргенге ұқсайды. Ел аузында Ақ үйде жеген соңғы асы осы болған деп айтады.
Ким Чен Ир
Сүйікті асы: коньяк пен француз жүзім шырынына малынған өрмекші мен жылан еті. Сонымен бөлек, әлемнің әр түкпірінде жасалатын сорпаларға көңілі ауып тұрған екен.
Уинстон Черчилль
Черчилль дастархан үстіне көп көңіл бөлген жан. Осы тұста бір айта кетерлігі, оның дәм-асқа деген көңіл құштарлығы өзгеше бітімінен хабар беріп отырған.
Сүйікті асы: стилтон ірімшігі (майлылығы жоғары жартылай тығыздалған ірімшік), устрица, қуырдақ. Және соған қоса жеміс-жидек араласқан балмұздақты өте-мөте қатты жақсы көріпті.
Премьер-министр француз асханасын ерекше ұнатқан, кезі келген тамаққа сын айтып отырған.
Барак Обама
Америка Құрама Штатының қазіргі көшбасшысы сэндвичпен тамақтанғанды жақсы көреді. Обаманың айтуына қарағанда, қызылшаны ұнатпайды, ал жазғы астан брокколиді көңілі қалайды.
(Джорд Буш 1990 жылы журналистерге берген сұхбатында бала кезінен ешқандай көкөністерді жегісі келмейтінін жеткізген екен).
Ангела Меркель
Неміс елінің канцлері бір уақыттарда өмір сүрген Германияның шығыс бөлігінде сауда-саттық жетіспепті және әр күні адамдардың ұзақ кезекке тұратынын көретін болған. Тіпті, бүгінде де Меркель ас қорын жинап қоятын әдет қалыптасқанын айтады.
Сүйікті асы: бұқтырылған көкөністер, ащы кебаб, картоп сорпасы, форель мен қара өрік тоқашы. Өзі ас даярлауды ұнатады.
Нұрсұлтан Назарбаев
8 жыл аспазшысы болып келген Игорь Кубряков Елбасының жемістер мен жаңғақ қосылған сұлы немесе алыптар ботқасын жақсы көретінін, түскі асқа көкөніс сорпасын немесе балық сорпасын, кешкі асқа теңіз балығын, не болмаса грильге піскен форельді қалайтынын айтады.
Президенттің сүйікті асы асылған ет пен балық тағамдарының барлық түрлері екен. Және ел көшбасшысы тамақты қышқылдау қылып ішкенді ұнататын болып шықты.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: telegraph.co.uk; voxpopuli.kz; bta.kz
Л. Лига