Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) болуы керек көкөністерді ұсынамыз.
Ең пайдалы көкөністер:
- Сәбіз көруді жақсартуға көмектесетін А дәруменіне бай. Одан салат жасауға немесе жаңа сығылған шырын дайындауға болады;
- Брокколи құрамында С, А және К дәрумендері бар. Сонымен қатар, брокколидің калориясы өте аз;
- Саңырауқұлақтар жүрекке пайдалы және ол көптеген аурулардың алдын алады. Алайда, саңырауқұлақты 7 жасқа дейінгі балаларға бермеген жөн: ол балалар үшін ауыр тамақ болып саналады және одан уланып қалуы әбден мүмкін;
- Қырыққабаттың да ағзаға пайдасы мол. Ал суық ауа райында оның ашытылған түрін жеген жөн: ашытылған қырыққабаттың пайдалы қасиеттері көбірек және ол ішек миклофлорасына өте пайдалы;
- Шалқан (репа) жасұнықтар мен кальций, фосфор және калий секілді микроэлементтерге бай;
- Асжапырақты (шпинат) жүйелі түрде жеп тұруды ұсынады, себебі оның құрамында А дәруменінің мөлшері өте көп;
- Гүлді қырыққабат С дәрумені, калий және омега-3 компонентінің арқасында өте пайдалы. Бұл пайдалы көкөністен сорпа дайындауға болады;
- Қызылша – көп мөлшерлі антиоксиданты бар қабынуға қарсы көкөніс. Ол қан қысымына жағымды әсер етеді;
- Қызанақтар құрамында ликопин бар. Зерттеулер бойынша, ликопин қан тамырлар саулығын ұстап тұрады және жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі;
- Пияз құрамында ақыл-ой және физикалық қабілетті жақсартатын квертицин бар;
- Тәтті картоп – ең жақсы бета-каротин көзінің бірі. Картоптың құрамындағы кальций және калий ағзадағы ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Алайда, картоп ағзаға пайдалы болуы үшін оны қуырмай, қабығымен бірге суға қайнатып жеген жөн;
- Бұршаққынды үрмебұршақ А, С және К дәрумендерінің көзі болып табылады.