- Негізгі бет
- Аспаздық
- Джейми Оливер жаңа...
Джейми Оливер жаңа аспаздық шоу ашты
Фото:
vk.com
Есімін бүкіл әлем білетін шеф-аспаз Джейми Оливер қолда бар азық-түліктен дәмді ас дайындауға үйрететін жаңа онлайн кулинарлық шоу ашты.
Карантиндік қордағы өнімнен жасауға болатын тағамдар рецептісін «Keep Cooking and Carry On» бағдарламасынан көре аласыздар.
Мысалы, шоудың бірінші шығарылымында Оливер бірнеше минут ішінде қарапайым су мен ұннан тальятелле пастасын жасап, консервіленген қызанақ пен сарымсақтан дәмді соус даярлау жолын көрсетті.
"Қазіргідей аласапыран уақытта тек дәмді ғана емес, адам ағзасына пайдалы, иммунитет көтеруге ықпал ететін тағам дайындау өте маңызды. Оның үстіне үнемдеуді де ұмытпау керек. Бұл бағдарламада мен көрермендермен тұтас отбасыға арналған рецептілер және лайфхактармен бөлісемін ", - дейді аспаз.
Т. Раушанұлы