- Негізгі бет
- Аспаздық
- Диетолог жұмыртқа пісірудің...
Диетолог жұмыртқа пісірудің ең пайдалы әдісін атады
Диетолог, гастроэнтеролог Нурия Дианова Sputnik радиосына берген сұхбатында жұмыртқаны пісірудің ең пайдалы әдісін атады.
Маманның айтуынша, жұмыртқа ең құнды, нәрлі өнім.
"Бұл белоктар рейтингіндегі ең жақсы ақуыз, оны қорыту өте оңай және оның еттен де жақсы аминқышқылдық құрамы бар. Сондай-ақ, сарыуызда көру қабілетіне әсер ететін лецитин, А дәрумені және көптеген микроэлементтер бар", - дейді Дианова.
Маман жұмыртқаны дайындау тәсіліне қарай ағза әртүрлі жолмен ассимиляциялайтынын баса айтты. Сонымен, омлет ең оңай, ал пашот пен бенедикт жұмыртқа сәл қиынырақ қорытылады. Содан кейінгі тізімге қайнаған, қуырылған және шикі жұмыртқаларды қосуға болады.
Нурия Дианованың айтуынша, омлет таңғы асқа ғана емес, кешкі асқа да жеуге болатын әмбебап тағам, себебі, келесі күні таңертең асқазанда ауырлық сезімі болмайды.
Омлетті одан да жеңіл ету үшін диетолог оны бір немесе бірнеше жұмыртқаның ағынан жасауға кеңес берді.
"Мен пациенттерге адамның салмағына қарай әрқашан бір бүтін жұмыртқа мен бірнеше ақуыз жеу керек екенін айтамын. Жұмыртқаның бір сарысы жетеді. Мұндай омлетті екі күнде, яғни аптасына үш-төрт рет жеуге болады. Мен саруызды омлетке қарсымын, бірақ сарысы да қажет", - деп атап өтті Нурия Дианова.
Дәрігердің айтуынша, адамда ағзасында панкреатит немесе өт қабымен проблемалар болған кезде таза ақуызды омлет жеген дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "өмірді ұзартатын" өнімді атадған болатын. Бұл тағам құрамында омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көп теңіз балығы.
Оның айтуынша, өнімде В12 дәрумені, йод және белоктар да бар, бірақ басқа өнімдер де бұл элементтердің тапшылығын өтей алады. Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары көптеген ағзаға пайдалы. Ол ми жұмысын жақсартады, артрит пен депрессия қаупін азайтады, холестерин деңгейін төмендетеді. Мясниковтың айтуынша, омега-3 әжімдердің пайда болуын тежей алады.
Т. Раушанұлы