Британияда 39 жыл бұрын жазылған бірнеше белгісіз хаттар жарияланды. Бұл хаттарда атақты адамдардың сүйікті тағамдары жазылған. Олардың арасында Диана ханшайымның ұнататын тағамы да бар.
1981 жылы Йоханнесбургтегі қарттар үйі атақты адамдардан жаңа қайырымдылық аспаздық кітапқа сүйікті рецептілерін жіберулерін өтінеді. Атақтылардың арасында Диана Спенсер де болады. Бұл кезде ол Чарльз ханзаданың қалыңдығы болатын.
Чарльз және Гарри ханзадалардың болашақ анасы оның сүйікті тағамы борщ екенін жазған. Диана ханшайым оны дайындағанды да жақсы көреді екен. Оның рецепті бойынша, құрамына қызылша, йогурт, пияз, тауық сорпасы, сүт, қаймақ, тұз және бұрыш кіреді екен.
Бұл ингредиенттер бізге таныс борщқа сәйкес келмейді. Оның үстіне Диана ханшайым ешқашан Украинада болып көрмеген, ал Ресейге (бұл хатты жазғаннан кейін 10 жылдан соң) тек бір рет келді. Сондықтан Диана ханшайым британ аспаздары дайындаған борщтың дәмін көрген болуы мүмкін.