Жадыраған жаз мезгілі аяқталып үлгермесе де, Қазақстанның көп аймағында күн суыта бастады. Иммунитетті күшейтіп, инфекциялық аурулардан сақтанатын уақыт келген сияқты. Академик Амосов ағзаны операциядан кейін қалыпқа келтіру үшін төмендегі қоспаны жеуге кеңес берген екен. Оның сау адамға да пайдасы мол.
Қоспаны дайындауға арналған қажет азық-түліктер тізімі:
- 500 г мейіз;
- 500 г сары өрік;
- 500 г інжір;
- 500 г сүйексіз қара өрік;
- 500 г бал;
- 2 стақан грек жаңғағы;
- 500 г бал;
- 1 лимон.
Дайындау тәсілі:
1. Барлық тағамдарды асхана комбайнының көмегімен майдалаймыз. Үстіне 500 г бал саламыз.
2. Жақсылап араластырып, банкаға саламыз.
3. Күніне 3 рет тамақтан 30 минут бұрын 1 ас қасықтан жейміз.
Ол спортшыларға, балаларға, қарияларға және науқастарға өте пайдалы. Белсенділікті арттырып, иммунитетті нығайтады.