Көп адам пайдалы тағамдардың бағасы қымбат болады деп ойлайды. Шындығында тағам мен оның сапасының арасында байланыс жоқ. Денсаулыққа пайдалы тағамдар арзан да, қымбат та болуы мүмкін. Кезекті материалымызда жоғарыдағы "аңызды" жоққа шығаруды ұйғардық.
Бағасы арзан болса да, пайдасы бірнеше есе жоғары түрлі тағам таптық. Мұнымен қатар, тым қымбат тағамдардың керісінше денсаулыққа кері әсерін тигізетінін анықтадық. Бұл кептірілген еттен әзірленген деликатестер мен жартылай фабрикат өнімдерге қатысты айтылып жатыр. Әрине, арзан бағаға устрица, қара икра, бөрікгүл, қасқыржем сынды тағамдарды сатып ала алмаймыз. Бар болғаны назарларыңызға арзан әрі пайдалы тағамдарды ұсынамыз.
Басы
4. Балық
Балықтың түрі өте көп. Мұнымен қатар, олардың әзірленуінде де ерекшеліктер бар. Оның сүр еті мен кептірілген деликатес түрлері қымбат әрі денсаулыққа зиян. Ал басқа ақсеркеден бастап мойваға дейінгі түрлерін жеп көруге болады. Тауықтың еті секілді балық етінен де сорпа әзірленеді. Ол үшін көкөністің бірнеше түрі болса жеткілікті.
5. Айран
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, сүтке қарағанда қышқыл өнімдердің пайдалырақ екенін байқаймыз. Ішек микрофлорасын жақсартып, тамақтың дұрыс сіңірілуіне жағдай жасайды. Лактозаны көтермейтіндер үшін өте пайдалы әрі ешқандай кері әсері жоқ. Айранды қара нанмен жейтін болсақ, қарнымыз тояды. Бестік шайдың орнына ішуге де болады. Майлылығы орташа, ешқандай артық қоспасы жоқ.
6. Теңіз жапырағы
Ламинарияның құрамында пайдалы минералдар өте көп. Йод, калий, магний, кальций, темір, мырыш сынды заттар бар. Бұл заттардың денсаулыққа қандай пайдасы бар екені әлі толық зерттеліп үлгермеді. Жаңа піскенін табу өте қиын. Дүкендерде көбінесе консервіленген, кептірілген түрлері сатылады. Егер кимчиді жақсы көрсеңіз, теңіз орамжапырағының маринадталған түрін таңдаңыз. Бұл – кимчидің ең арзан түрлерінің бірі.
Жоғарыдағы пайдалы әрі арзан тағамдардың тізіміне арзан шайды әдейі қоспадық. Себебі арзан шайдың мерзімі өтіп кеткен немесе сапасы нашар. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы да, дәмі де жоқ. Сусындар мен шоколадтар да сол секілді. Арзан болған сайын сапасы нашарлайды. Тек табиғи болған жағдайда ғана пайдалы. Оларды әртүрлі бағада сатып алуға болады. Өздеріңіз көріп отырғандай ең арзан тағамдар денсаулыққа барынша пайдалы болуы мүмкін.