Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№6 диета несеп-тас ауруы, құяң кезінде тағайындалады. Ол несеп қышқылы мен тұзының мөлшерін азайтуға көмектеседі. Диетаны ұстаған кезде құрамында қымыз қышқылы бар тағамдарды жеуге тыйым салынады. Баяу еритін майлар мен тұздан да бас тартады. Әдетте май көмірқышқыл газының мөлшерін азайтады.
№6 диетаны ұстаған кезде сүтті тағамдарды, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынған жөн. Мұнымен қатар, суды көбірек ішу қажет.
Құс пен балық етін пісіреміз. Тағамдардың дайындалу температурасы әдеттегідей. Күніне 4 рет тамақтанады. Тамақтың арасында міндетті түрде су ішіп отырады.
Тамақтану тәртібі:
- 70 г ақуыз, оның 50%-ы жануарлардан алынады;
- 80 г май, 30%-ы өсімдік майы;
- 350-400 г көмірсу, оның 80 г-ы қант;
- 8-10 г тұз;
- 1,5-2 литр сұйықтық.
Нан: 1-2-сорттағы бидай мен қара бидайдан әзірленген нан.
Сорпа: борщ, щи сынды етсіз сорпаларды ішуге болады. Мұнымен қатар, көкөністен, жемістен, сүттен әзірленген тағамдар. Ет, балық, саңырауқұлақ сорпаларын ішуге тыйым салынады.
Ет: денсаулыққа пайдалы бұл диетаны ұстаған кезде майсыз құс, балық етін пісіріп жеуге болады. Аптасына 3 рет 150 г пісірілген ет, 160-170 г балық етін жеуге рұқсат беріледі. Олардан бұқтырылған, қуырылған тағамдар мен котлеттер дайындап жеуге болады.
Бауыр, бүйрек, тіл, ми, жас мал мен құс еті, кептірілген ет, шұжық, тұздалған балық, икра, консервіленген ет пен балықты жеуге тыйым салынады.
Сүтті тағамдар: сүт, қышқыл сусындар, қаймақ, қатық, тұзсыз ірімшік. Тұздалған ірімшік жеуге болмайды.
- күніне 1 жұмыртқа;
Көкөністер: кез келген әдіспен (пісіру, бұқтыру, қуыру) әзірленген көкөністер, картоптан жасалған тағамдар. Ал тұздалған, маринадталған көкөністерді аз мөлшерде ғана тұтынған жөн. Саңырауқұлақ, саумалдық, қымыздық, түрлі-түсті орамжапырақ, қараотты жеуге болмайды.
Жеміс-жидектер: кез келген әдіспен дайындалған, кептірілген жемістер. Тек таңқурай, мүгжидек, інжір жеуге болмайды.
Тәттілер: мармелад, тосап, бал, кисель, сүтті крем.
Тұздық: сүтті, қаймақты, томатты, көкөніс сорпасынан әзірленген түрлерін жеуге болады. Ал ет, саңырауқұлақ, балық сорпасы қосылып әзірленген тұздықтардан бас тартқан жөн.
Дәмдеуіштер: лимон қышқылы, ванилин, ақжелкек, даршын, аскөк, лавр жапырағы. Ал бұрыш, іркілдеуік, қыша сындыларды жеуге болмайды.
Сусындар: сүт пен лимон қосылған шай, шырын, морс, квас, кептірілген жемістерден әзірленген компот, итмұрын шайы.
Майлар: сары май мен өсімдік майы. Ал шошқа, сиыр, қой майын жеуге тыйым салынады.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.