Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
Ішекпен байланысы бар созылмалы аурулар кезінде №3 диета тағайындалады. Күніне 4-6 рет тамақ ішеді. Тағамдарды пеште немесе буда пісіреді. Көкөністер мен жемістерді шикідей жейді. Тамақтардың температурасы 15-62 градустан аспайды.
Тамақтану тәртібі:
- бидай ұнына әзірленген нан, алмадан, алма тосабынан, еттен жасалған бәліш;
- жемістер мен көкөністердің, еттің сорпасы;
- қой, сиыр, тауық, күркетауық еті;
- ақтабан, көксерке, нәлім, хек, шортан, тұқы сынды балықтар;
- докторлық шұжық.
Көкөністер: сәбіз, қызылша, қызанақ, асқабақ, кәдіш; түрлі-түсті орамжапырақ – барлығын араластырып, майға шыланған салат әзірлеу. Буға пісіріп те жеуге болады.
- тары мен қара күріш ботқасы;
- шала пісірілген жұмыртқа, омлет.
Сүтті тағамдар: айран, ацидофилин, ұйыған сүт, қатық, қаймақ, сүт, үгітілген ірімшік.
- кептірілген жеміс-жидектер, тосап, джем, қант, бал;
- ақжелек, аскөк, балдыркөк;
- ақ тұздық;
- итмұрын шайы.
Қандай тағамдардан бас тартамыз?
Жоғарғы сорттағы ұннан әзірленген нан мен тәтті тағамдар, кисель, шоколад, какао, кофе, саңырауқұлақ, сарымсақ, пияз, тұрып, шалғам, шомыр, қой мен сиыр майы, кептірілген немесе ащы тағамдар, тосап, бал, мармелад, бұрыш, қыша.
Осыған дейін арықтауға арналға күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.