Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№13 диета инфекциялық аурулардан емделіп жатқан кезде тағайындалады. Ол күнделікті жейтін тамақтар қатарынан майды, ақуызды, көмірсуды азайтып, дәрумен мен сұйықтықтың мөлшерін көбейтеді. Күніне 5-6 рет тамақтанады.
Диетаның химиялық құрамы: 70 г ақуыз, 60-70 г май, 300 г көмірсу, 8-10 г тұз, 2 л су. Бір күнде желінетін тамақтың жалпы калориясы – 2000-2100 ккал.
Қандай тағамдарды жеуге болады?
- нан мен ұннан жасалған тағамдар, 1-сорттағы ұннан жасалған нан, кептірілген нан, печенье;
- жұмыртқа қосылған сорпа, көкөніс пюресі қосылған сорпа, күріштен, сұлыдан, вермишельден, рұқсат берілген көкөністерден жасалған сорпа;
- сиыр, тауық, үндік етінен бұқтырылып жасалған, бұзау, балапан, қоян етінен пісірілген тағамдар, котлеттер;
- балықтың майсыз түрлері;
- айран, қышқыл сусындар, қатық, қаймақ, ірімшік, сүт, кілегей;
- жұмыртқа, омлет;
- картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, кәдіш, асқабақ, қызанақ;
- икра;
- кептірілген жемістен жасалған пюре, кисель, мусс, компот, аюбадам, желе, крем, сүтті кисель, қант, бал, тосап, джем, мармелад;
- ет пен көкөніс сорпасынан әзірленген тұздықтар, сүт, қаймақ қосылған тұздық;
- сүт қосылған кофе, лимон қосылған шай, морс;
- сары май.
Қандай тағамдардан бас тартамыз?
- шоколад, бәліш;
- ащы, майлы тұздықтар;
- какао;
- басқа майлар;
- кез келген жаңа піскен және қара нан;
- майлы сорпа, щи, борщ;
- үйрек, қаз, қой етінен әзірленген консервілер;
- сүт пен кілегей, майлы қаймақ, майлы ірімшік;
- асқан немесе қуырылған жұмыртқа;
- орамжапырақ, шалғам, пияз, сарымсақ, қияр, саңырауқұлақ;
- майлы және ащы дәмтатымдар.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.