Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
№10 диета қан-тамырлары жүйесінің қызметін реттеуге, ал төмендегі нұсқаулықтар қандай тағамдарды жеуге болатындығын анықтауға көмектеседі. Әдетте қан айналым жүйесінің, жүрек, тамыр, бүйрек, бауыр қызметін, зат алмасу проссецін реттеу үшін тағайындалады.
Диетаның химиялық құрамы: 80-90 г ақуыз, 70 г май, 350 г көмірсу, 1,2 л сұйықтық. Күнделікті жейтін тағамның жалпы калориясы – 2300-2400 ккал.
- 1-2 сорттағы кешеден қалған немесе аздап қатқан нан;
- печенье мен бисквит;
- картоп, көкөніс, сүт, жемістен жасалған сорпалар (бір ішкенде 250-400 г);
- қаймақ, лимон қышқылы, көк шөп;
- майсыз сиыр, бұзау, шошқа, қоян, тауық, үндік еті;
- пісірілген балық, теңіз тағамдары;
- сүтті тағамдар, сәбіз бен жеміс-жидек қосылған қатық, кілегей, ірімшік;
- тұздалған, майлы ірімшік;
- асқан жұмыртқа, тек ақуыздан жасалған омлет;
- әртүрлі жармадан сүт пен су қосылып әзірленген ботқа;
- пісірілген көкөністер, картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, кәдіш, қызанақ, салат, қияр;
- көк пияз, ақжелкен;
- сәбіз, қызанақ, қиярдан өсімдік майы қосылып жасалған салаттар;
- пісірілген балық;
- кептірілген жидектер, компот, кисель, мусс, сүтті кисель, крем, тосап;
- кез келген жұмсақ жеміс;
- көкөніс сорпасынан, қаймақтан, сүттен, қызанақтан, пияздан жасалған соустар;
- лавр жапырағы, ванилин, лимон қышқылы;
- сүт қосылған шай мен кофе, түрлі жеміс, итмұрын, жүзім шырыны;
- тұзсыз сары май, өсімдік майы.
Қандай тағамдардан бас тартамыз?
- еттің майы;
- ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;
- қаз бен үйректің майлы еті;
- ми, бауыр, бүйрек, шұжық, ет консервілері;
- майлы балықтың еті, тұздалған және кептірілген балық, икра, балық консервісі;
- қуырылған жұмыртқа;
- тұздалған, маринадталған көкөністер, сарымсақ, пияз, саңырауқұлақ;
- балық икрасы, майлы, ащы, тұзды басытқылар;
- шоколад пен тәтті нан;
- мал, балық, саңырауқұлақ сорпасы қосылып әзірленген тұздықтар.
Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.