Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды.Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.
1а диетасын жіті гастритті емдеудің 2-4-күндерінде ұстайды. Мұнымен қатар, асқазан жарасы мен он екі елі ішекті емдеудің 6-8-күндерінде ұстайды.
1а диетасы кезінде тамақтану тәртібі: 4-5 стақан сүт. Сүт пен май қосылып жармадан жасалған сорпалар. Сүт қосылған қою ботқалар. Шала пісірілген жұмыртқа немесе буға піскен омлет. Майсыз ет пен балықтан жасалған суфле. Күніне 70-80 г зәйтүн майын, сары майды және қаймақты жеу. Жеміс-жидек пен сүттен дайындалған кисель. Сәбізден немесе жемістерден жасалған шырындар. Итмұрын қайнатпасы мен сүтті шай. Күніне 50 г қант. Тұз 5-8 г-нан аспауы тиіс. 1,5 л сұйықтық. А, С, В1, В2, РР дәрумендері.
Тамақты 2-3 сағат сайын ішу керек. Сүт ішіп үйренбегендерге оны шаймен араластырып беруге болады.
1б диетасы жіті гастриттен кейін, яғни 1-диетадан соң тағайындалады.
1б денсаулыққа пайдалы диетасының тамақтану тәртібі: 1а диетасына кіретін барлық тағам мен еттен, балықтан жасалған котлеттер. Күріш, арпа, сұлы сынды дәнді дақылдарды үгіту арқылы жасалған сорпа. Бұл сорпаға көкөністерді де қосуға болады. 100 г бидай ұнынан жасалған кептірілген нан. Күніне 6 рет тамақтанған жөн.
Асқазанның ойық жарасына арналған коктейль: 50 г итмұрын, 15 г сасықшөп, 15 г айырдың тамыры, 15 г ақшайыр, 15 г жалбыз жапырағы. Осы шөптің барлығын аралыстырамыз. Оның 2 ас қасығына 2 стақан су құйып, қайнатамыз. Артынша 2-3 сағатқа қалдырамыз. Күніне 2-3 рет жарты стақаннан ішкен жөн.
Осыған дейін арықтауға арналға күріш диетасы, арықтауға арналған мұз диетасы, арықтауға арналған жұмыртқа диетасы, арықтауға арналған қант диетасы, арықтауға арналған құлпынай диетасы, арықтауға көмектесетін диета, жігіттерге арналған диета, тез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.