Денсаулыққа қауіпті тағам түрлері

Денсаулыққа қауіпті тағам түрлері
Фото: picsfab.com

Адамдардың дүкеннен күнделікті сатып алатын тағамының 30-40 пайызы денсаулыққа зиян. Оларға қандай тағамдар жатады?

1. Тез дайындалатын, құрамында бояу мен иістендіргіші бар ботқа

Таңғы асқа ботқа жеу керек дегенді естіп алып, көбіміз дайын ботқа сатып алуды жөн көреміз. Алайда пайдалы тағам ретінде тек қолдан жасалатын ботқаны жеу керек. Бұдан өзге құрамында қоспа бар тағамның бәрі ағзаға зиян. Оларды қалай тануға болады? Әдетте мұндай тағамның жеміс-жидек тәрізді иісі болады. Ал негізінде құрамында табиғи жеміс-жидек болмайды.

2. Қант алмастырушылар

Арықтағысы келетін адамдар қанттан бірден бас тарта алмағандықтан, оның орнын басушыларды жейді. Себебі ондай қоспаның бір контейнері қанттың 12 килограмм салмағымен тең. Алайда қант алмастырушылар тәттілігіне қарамастан ағзаны көмірсумен нәрлендіре алмайды. Сонымен қатар олар тәбетті оятып, қарынды тез аштырады. Демек, артық салмақ жинауға септігін тигізеді.

3. Натрий глутаматы немесе Е-621

Тағамды себетке салмас бұрын құрамына назар аударыңыз. Егер онда натрий глутаматы немесе Е-621 деген жазу болса, орнына қойғаныңыз жөн.

4. Тұзы аз майшабақ

Пластикпен қапталған тұзы аз майшабақ майда сақталуы керек. Шарап, сіркесу майшабақтың жарамдылығын соза алмайды. Егер қаптамада май болмаса, онда уротропин мен қышқылдатқыш элементтер бар. Ал олар ағзаға өте зиян.

Жалғасы 

Ф. Абилова