Дене сымбаттына зиян келтірмейтін 6 тіскебасар

Күні бойы негізгі тамақтанудан бөлек тіскебасарлар жегіміз келеді. Адамдар тіскебасарлар жеу арқылы өздерін қиын жұмыс барысынан аз уақытқа алаңдатады, кей эмоцияларын және аштық сезімін басады. Көптеген тіскебасарлар ағзаға зиян және оларды көп жеу артық салмақ қостыруы мүмкін. Бірақ дене сымбаттына зиян келтірмейтін пайдалы тіскебасарлар да бар.

Жаңғақтар

Барлық жаңғақтар — ағзадағы энергетикалық тепе-теңдікке жағымды әсер ететін өсімдік ақуызын жеткізушілер. Жаңғақтар аштық сезімін басып қана қоймай, сондай-ақ олар есте сақтауды жақсартады және қиын ақпаратты меңгеруге көмектеседі.

Алма

Алма — диета ұстайтындардың сүйікті жемісі. Шырынды және тәтті бұл жеміс — толыққанды десертке керемет балама. Алма жақсы сіңу үшін оны үккіштен өткізіп жеген жақсы, бірақ жұмыста мұндай мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оны кішкентай бөліктерге бөліп, барынша асықпай, мысалы, компьютерде жұмыс істеп отырып жеуге болады. Бірақ алма өзінің құрамындағы табиғи қышқылдардың себебінен қарынды аштырады, сондықтан оны жаңғақтармен немесе табиғи йогуртпен үйлестіріңіз.

Бал қосылған шай

Адамдардың көпшілігі бір күнде сүт қосылған кофенің қалай бірнеше стақанын ішіп қойғанын өздері байқамай қалады. Алайда кофе мен сүттен дайындалған коктейльдің калориясы кілегей майы мен ірімшіктен жасалған бутербродтан да көп екен. Ал сүтсіз кофені көп ішсеңіз, одан тіс эмалі зақымдалуы мүмкін. Сондықтан сүт қосылған кофені 1 шай қасық бал қосылған қара шайға алмастырған жөн.

Қантсыз мюсли

Дүкендерде құрамында қанты мен денсаулыққа зиянды басқа да заттары бар мюслилер көптеп сатылады. Ал жарнамалардан олардың дене сымбаттылығы үшін пайдалы екенін көреміз. Сондықтан оларды таңдау кезінде құрамын мұқият зерттеңіз. Құрамында астық тұқымдастары көп және қанты жоқ түрін таңдаған жөн.

Сүтті қышқыл өнімдер

Мұндай өнімдер арқылы ақуыз бен кальцийдің қажетті мөлшерін аласыз. Бұл заттар ашуланшақтықты басуға көмектеседі. Сондай-ақ олар қимыл-тірек аппаратын қатайтады.

Кепкен жемістер

Кепкен жемістердің адам ағзасына пайдасы мол, алайда оларды мөлшерден тыс көп жеуге де болмайды. Себебі олар калориялы өнімге жатады. Дәрумендерге және пайдалы заттарға бай өнімдердің өзін мөлшермен жеу маңызды. Кепкен жемістер қарынды жақсы тойдырады. Бастысы, оны уыстап емес, бір түйірден ауызға салып, әрбіреуін асықпай шайнаңыз. Сол кезде жылдам тоясыз.