Антиоксидантқа мол анар шырыны ағзаға оңай сіңіп, асқазан жұмысын жақсартады. Антиоксидант – ісік, жүрек-қан тамырлары ауруларын болдырмайды, қартаюды баяулатады.

Асқабақ шырыны жүрек-қан тамырлары, бауыр ауруында, ұйқы қашқанда мың да бір ем. Құрамындағы А, К, В, С, Е, D, РР дәрумендері ағазадағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Сондай ақ асқабақта цинк, минералды тұздар, ақуыз бен майлар, темір бар.  Асқазанында жарасы бар адамдарға қарсы көрсетілген.

Жасыл жемістердің шырындары (қияр, сельдерей, бұрыш) қанның құрамындағы қанттың деңгейін реттеп отырады, бауырды тазалап, ісік ауруымен күреседі. Жүйке жүйесін нығайтып, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Қияр шырыны қызыл иектің қанауын тоқтатады.Беттегі безеуді емдейді. Шаш пен тырнаққа да пайдалы.

comode.kz