Құрамы:
Ірімшік - 500 гр; Салат жапырақтары - 1 орам; Сарымсақ - 2 дана; Майонез;
Ірімшікті үккішпен үгеміз.
Сарымсақты да үгіп, ірімшікке қосамыз. Майонезбен араластырамыз.
Алынған қоспаны салат жапырағының бір жағына жағамыз.
Екінші жағын басып қоямыз.
Дәмді және әдемі тіскебасар дайын! Асыңыз дәмді болсын!