Әртүрлі көкөністер мен жемістен жасалған коктейльдер әрі тәтті әрі пайдалы болады. Құрамында дәрумен мол болғандықтан, тойымды сусындардың бірі.
1. Тері мен тамырлар үшін пайдалы болатын жеміс-көкөніс коктейлі
Бұл коктейльді А, Е және С дәруменіне бай көкөністер мен жемістерден дайындау керек. Сондықтан, құрамында каротин мен Е дәрумені бар сәбіз, С дәруменіне бай апельсин мен грейпфруттан жасаңыз.
Коктейльді дайындау үшін 3 ірі сәбіз, 2 апельсин керек. Екеуінің шырынын бөлек ыдысқа сығып алып, қалғанын блендер арқылы араластырыңыз. Сондай-ақ, бұл коктейльге жанжабіл түбірін қосуға болады.
2. Ағзадағы токсиндерді шығаратын көкөніс коктейлі
Коктейльді қызылша, сәбіз бен қияр шырынын араластырып жасаймыз. Бірақ алдымен қызылшаны 2 сағат тоңазытқышта ұстау керек. Бұл коктейльді мейлінше жиі ішетін болсаңыз, бүйрек, өт қабы, бауыр мен қан тамырлары тазарады. Сондай-ақ, онкологиялық аурулардың алдын алады.
Концентрацияланған қызылша шырыны бас айналуы мен жүрек соғуына апаруы мүмкін. Сондықтан, оны аз-аздан ішіп үйрену керек.
Бір порция дайындау үшін 100 мл тұнған қызылша шырынын 100 мл қияр мен 100 мл сәбіз шырынын араластыру керек. Сәбіз шырынының орнына асқабақ шырынын, ал қиярдың орнына орамжапырақ шырынын пайдалануға болады.
3. Ағзаны оятып, иммунитетті нығайтатын жеміс коктейлі
Мұндай коктейль апельсин, грейпфрут, киви, ананас, алма және жүзімнің құрамында жасалады. Ол үшін 4 апельсин, 2 киви мен жарты грейпфрутты араластырып ішуге болады.
4. Нәрлендіргіш дәруменді коктейль
Мұндай сусын жеміс пен майсыз йогурт құрамында дайындалады. Ол әрі тойымды әрі ағзаны дәрумендермен нәрлендіреді. Сондықтан, таңғы астың орнына осындай коктейль ішуіңізге болады.
1 порция дайындау үшін 100 мл майсыз йогурт, манго мен 2 апельсиннің шырынын блендермен араластырыңыз. Мангоның орнына банан жұмсағын пайдалануға болады.