- Негізгі бет
- Аспаздық
- Дәрумені мол дәмді...
Дәрумені мол дәмді коктейль
Жазда күннің ыстығынан ағзамыз суды көп қажет етеді. Алайда кейде дүкен сөрелерінде тұрған қоспасы көп сусындарды ішіп, дансаулығымызды бүлдіріп алып жатамыз. Сондықтан қолдан келгенше, табиғи өнімдерден жасалған шырындарды тұтынуымыз керек. Бүгін біз сіздерге шөлімізді қандырып, бойымызға ерекше күш-қуат беретін коктейль туралы айтқымыз келіп отыр. Ең бастысы ол аз калориялы және дәрумендерге өте бай.
Бұл сусынды дайындау үшін сізге:
5 орта көлемді киви;
1 алма;
1 лимон шырыны;
100 г алма шырыны;
даршын керек.
Дайындау жолы:
1. Алдымен киви мен алманың қабығын тазалап, кесіп, 2 минутқа блендерге салыңыз.
2. Дайын болғаннан кейін лимон және алма шырынын қосыңыз. Тәтті жақсы көретіндерге аздап қант салған дұрыс. Сондай-ақ даршын немесе түрлі хош иіс беретін қоспалар қосуға да болады.
3. Барлық ингредиенттерді қосып болған соң коктейльге мұз салып ішіңіз.
Бұл сусын сіздің шөліңізді қандырып, көңіл-күйіңізді көтереді. Ас болсын!
Ж. Исакаев