Нәзік жандылар қаумының барлығы да ас үй "патшайымы" атанғысы келеді. Мұндайда міндетті түрде дәмдеуіштердің көмегіне жүгініп жатамыз. Ал, сіз сол дәмдеуіштерді де таңдай білу керек екендігін білесіз бе? Оларды таңдау аса талғампаздық пен қырағылықты қажет етеді.
Ендеше, асыңыз дәмді әрі хош иісті болсын десеңіз төмендегі ақпараттарды көкейіңізге түйіп алыңыз демекпіз.
Ет үшін: қызыл, қара, хош иісті бұрыш, қалампыр, майоран, жебіршөп (тимьян), зире (тмин), куркума, пияз, орегано.
Құс еті үшін: тимьян, майоран, розмарин, розмарин, сәлбен(шалфей), тасшөп(чабрец), насыбайгүл(базилик).
Балық үшін: лавр жапырағы, ақ бұрыш, зімбір, хош иісті бұрыш, пияз, күнзе (кориандр), чили, қыша (горчица), аскөк (укроп), жебіршөп.
Гриль үшін: қызыл бұрыш, хош иісті бұрыш, кардамон, тимьян, майоран, жұпар жаңғағы, тмин, зімбір, чили бұрышы.
Қыр құстары үшін: жебіршөп, қарапайым киікоты, қызыл және хош иісті бұрыш, арша.
Рагу көкөніс қосып, ет не балықтан жапырақтап турап пісірген тағам) үшін: қызыл бұрыш, зімібір, куркума, күнзе, қыша, кардамон, зире, қара бұрыш, жұпар жаңғағы, қалампыр.
Орамжапырақ үшін: күнзе, фенхель, кумин, қара қышаның дәндері.
Картоп үшін: күнзе, куркума және асафетида.
Бұршақтылар үшін: кумин, асафетида, зімбір, бұрыш, лаванда жалбызы, күнзе.
Маринадтар үшін: лавр жапырағы, арша, аскөк жапырақтары гүл түйнектерімен, дәндерімен бірге.
Жемістер, шырындар, компот үшін: даршын (корица), қалампыр, зімбір, күймесгүл (бадьян), кардомон.
Паштеттер үшін: ақ бұрыш, даршын, зімбір, лавр жапырағы, қалампыр, күймесгүл, зімбір, кардамон.
Пісірілген нандар үшін: қалампыр, корица, күймесгүл, кардамон, хош иісті бұрыш, апельсин цедрасы, бәден (анис), күнжіт, мак (көкнәр), ваниль.
Ыстық сүт үшін: даршын, кардамон, ботатабан (шафран).
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: goldofparadise.eu