Чипстер АҚШ-та осыдан 150 жыл бұрын пайда болған деп есептелінеді. Аңыз бойынша американың жоғары сервис көрсететін мейрамханаларының бірінде клиентке (теміржол магнаты Вандербильт) мекеменің фирмалық тамағы саналатын «фри картошкасы» ұсынылыпты. Вандербильт болса картопты тым қалың деген сылтаумен қайтарып берген көрінеді. Мейрамхананың шеф аспазы клиентті алдамақ болып, картошканы жіңішке етіп турап және аздап қуырып үстелге қояды. Бір қызығы клиентке тамақ ұнаған, содан бері мейрамхананың ас мәзірінде жаңа тағам - чипстер пайда болды.
Lay’s чипстері 1938 жылдан бері шығарылады. Бүгінгі таңда FritoLay компаниясы тұздалған жеңіл тамақ шығару бойынша дүние жүзіндегі жетекші мекемелердің бірі болып саналады. Lay’s чипстерін Ресейге жеткізу 90 жылдардың ортасында басталды, ал 2002 жылы Мәскеу түбіндегі Каширде майға қуырылған картоп өндіретін бірінші зауыт FritoLay ашылды. Назарларыңызға осы зауытта чипстерді қалай дайындайтындығынан хабар беретін фоторепортажды ұсынамыз.
Картопты түсіру, жуу және уақытша сақтау
Мұнда 20 тонналық жүк машинасы картопты күн сайын 9 рет түсіреді. Картоптар жіңішке конвейер арқылы жуатын аппаратқа келіп түседі, онда оның тазалануы үшін рециркуляционды су қолданылады. Дүние жүзі бойынша мұндай жуатын үш аппарат қана бар. Жуу процесін қолмен шешу мүмкін емес. Картоп жуылып болғаннан кейін уақытша сақтау қоймасына келіп түседі.
Картопты тазалау, іріктеу және кесу
Картоптар кесетін арнайы машинаға түспес бұрын инспекторлар өнімдердің жарамсыздарын алып тастап отырады.
Айтпақшы, чипстерді жасау үшін кез-келген картошка түрі жарай бермейді. Картофельден чипстер жасау үшін крахмалы көп өнім пайдалынылады.
Барлық жұмыскерлер медициналық тексерістен өтіп медициналық кітаптар алады, осының барлығы сырқат адамдардың өндіріс орнына түспеуі үшін жасалады.
Картошканың аршылуы үздік-үздік жұмыс жасайтын барабандардың қимылы арқылы жүзеге асады. Ең бірінші кезекте бункерге керек көлемде картошка салынады, одан кейін барабанға шығарылады.
Кесілу конус түріндегі барабанның айналуы негізінде механикалық түрде жүзеге асады. Кесетін машинаның ішінде сегіз жұп алмас бар. Олар картопты жіңішке етіп турайды. Әр кесілген түйіршіктің қалыңдығы екі миллиметрден аспайды.
Қуыру
Кесілгеннен кейін картоп кесінділері чипстер жасау жүйесінің «жүрегіне» - арнайы қуыру ваннасына келіп түседі. Бұл әлемдегі жалғыз аппарат арнайы PepsiCo зауыты үшін жасалған, құрылғының жасалу технологиясы коммерциялық құпия болғандықтан, оны көрсетуге болмайды.
Жұқа кесілген түйінділер май құйылған ваннаға түсіп, онда Цельсий бағамы бойынша 180 градус температурасында үш минут көлемінде қуырылады. Сапалы май чипстертың дәмін келтіретін негізгі нәрсе болып саналады.
Зауытта күнделікті түрде өнімнің сапасына тексеріс өтеді.
Қоспаларды қосу
Бұл этапта чипстерге арнайы ароматикалық және дәмдегіш қоспалар қосылады, олардың негізі тұз болып саналады.
Орау
Айтпақшы, зауыттың жылына 50 тонна дайын өнім шығаруға қауқары жетеді. Бұл тек бір мемлекетті емес, бірнеше елді сапалы чипстермен қамтамасыз етуге жететін мөлшер.
Үш конвейер арқылы дайын чипстер орамаға келіп түседі. Осы кезде бірінші бөліну мен өлшем жүзеге асады.
Айтпақшы, чипстерді жасау кезінде жұмыс істейтін қызметшілердің аз екендігіне назар салыңыз. Мұнда толық заманауи жабдықталған автоматты режимде жұмыс жасайтын құралдар қолданылады. Сонымен қатар, дайын өнімді адамдар қолмен ұстамағаны абзал. Сол себепті де оның автоматты болғаны әлдеқайда жақсы.
Салмақ машиналары бір дегенде бірнеше порцияны өлшеп, алдын-ала белгіленген салмақ өлшемін шығарады.
Бір ораманың салмағы 28 граммды құрайды.
Өлшенген чипстер орама жүйесіне шығарылады.
Чипстер арнайы тексерістен өткен соң (металлодетектор) орамаға келіп түседі, қаптаушы материал арнайы аппарат арқылы фольгадан жасалады. Ораманы жаппастан бұрын пакетке ас азоты жіберіледі. Ол өнімнің сақталу мерзімінің ұзақ болуын қамтамасыз етеді.
Майға қуырылған картоп пен орама пакет операторларға келіп түседі, олар оны картон жәшіктерге қолмен реттестіріп салады.
Чипстер салынған жәшіктер паллеттарға тиеліп қоймаға жеткізіледі.
Зауыт бір күнде 12 тонна дайын өнім шығарады.
Қызметкерлерге сағат пен басқа да бұйымдарды тағуға, маникюр мен жапсырылған тырнақ пайдалануға тыйым салынады, конвейерге шаш түсіп кетпеуі үшін бас арнайы жабық сеткамен жабулы болуы керек.
Сонымен қатар, ораманың сапасы да жіті тексеріледі. Ондағы тігістер тік болуы керек және орама бір қимылмен тігіс бойынша дұрыс ашылуы қажет.
Зауыттың сыртқы келбеті.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: victorborisov.ru