Жыл сайын 20 қазан күні бүкіл әлем аспаздары өздерінің кәсіптік мерекесін тойлайды. Бұл арнайы мейрам ретінде 2004 жылы Бүкіләлемдік аспаздар қоғамдары ассоциациясы ықпалымен бекітілген болатын. Бұл ұйым құрамында дүние жүзі бойынша аспаздық өнерін меңгерген 8 миллион маман бар. Әлем бойынша ас пісіру өнерін меңгерген жандар соншалықты көп болғандықтан олардың өз мерекесі болуы таң қаларлық емес.
Халықаралық аспаздар күнін (International Chefs Day) тойлау кең етек жайып, қазіргі таңда 70 елде тұрақты түрде атап өтіледі. Бұл мерекелік шараларға аталмыш кәсіп мамандарымен қоса, туристік компания басшылары, түрлі кафелер мен ресторандар иелері, нағыз ресторан сыншылары т.б. қатысады. Мерекелік той барысында аспаздар арасында арнайы жарыстар ұйымдастырылып, ерекше өнер туындысындай жасалған ас мәзірін білгір дегустаторлар бағалайды.
Аспаз кәсібі — әлемде ең көне және сұранысқа ие мамандық. Көне болатын себебі, бұл өнердің пайда болуы туралы грек аңыздарының өзінде кездеседі. Олардың сенімі бойынша дәрігерлік құдайы Асклепияның қызы болған. Денсаулық сақтаушы атанған Гигея есімінен «гигиена» сөзі шықса, оның көмекшісі қызметін атқарған аспаз Кулина есімінен қазіргі аспаздықың жалпы атауы саналатын «кулинария» сөзі шыққан екен.
Ал, алғаш қағазға түсірілген рецептер Вавилонда, Ежелгі Мысыр мен Ежелгі Қытайда және шығыс елдерінде пaйда болған. Олардың кейбірі біздің заманымызға дейін жеткен екен. Біз де адамға нәр мен қуат сыйлайтын осынау көне кәсіп мамандарын атаулы мерекелерімен құттықтаймыз!