Брэд Питтің сүйікті салаты

Атақты актер Брэд Питтің сүйікті салатын назарларыңызға ұсынамыз. Өте дәмді, тойымды әрі пайдалы тағам.

Бізге қажетті азық-түліктер:

 – 3 авокадо;

– 400 грамм қызанақ;

– 100 грамм жуа;

– Бір қалбыр (банка) қызыл  бадана (фасоль);

– 1 дана чили бұрышы;

– тұз және ұнтақталған қара бұрыш;

– 20 грамм лайм шырыны;

– 1 ас қасық зәйтүн майы.

 

Дайындалуы:

1. Қызанақты төртбұрыш етіп тураймыз.

2. Жуаны ортасынан бөліп, жіңішкелеп тураймыз.

3. Оған чили бұрышын, жуылған бадана мен төртбұрышты етіп туралған авокадоны қосамыз.

4. Салатты лайм шырыны және зәйтүн майымен араластырамыз.

5. Қалауымызға қарай тұз бен бұрыш себеміз.

Сүйікті актердің сүйікті салаты дайын. Ас болсын!