- Негізгі бет
- Аспаздық
- "Бранч" деген не?...
"Бранч" деген не?
Соңғы кезде сәнді болған сөздердің бірі - бранч. Оның мағынасы қандай?
"Бранч" ағылшын сөзі, әу баста ағылшын студенттерінің сленгі болған. Екі сөздің («breakfast» - таңғы ас және «lunch» - түскі ас) бірігуінен пайда болған сөз, ерте түскі ас дегенді білдіреді.
Бранчтар жиі жағдайда демалыста ұйымдастырылады. Ұйқысын қандырып, түс кезінде оянатын жандарға бұл таптырмас шешім. АҚШ пен Еуропада бранчтар сағат 11-мен 16-ның арасында болады.
Бранч түсінігі XIX ғасырдың 80 жылдарында Оксфордта қалыптасқан. Сол кезде-ақ студенттер мен ұстаздар бірін-бірі жақсырақ тану үшін ресми емес жерде уақыт өткізу қажеттілігі байқалған. Бранч Оксфорд университетінің дәстүріне айналып, кейін кеңірек жайылды. Қазірде бранчтарды студенттер де, жұмыскерлер де қолданады. Бранч кезінде әріптестермен ресми емес ортада отырып демалуға болады. Жиі жағдайда бранчта отбасы болып жиналады.
Бранчта ыстық, жеңіл тағам түрлері қойылады. Калориялы бәліштер, нан өнімдері, тосап жағылған құймақтар, қуырылған бекон, қуырылған саңырауқұлақтар, май жағылған нан тілімдері, қуырылған жұмыртқа - дәстүрлі бранчта берілетін тағамдар. Бұған кетчуп тұздығы мен дәстүрлі шәйді де қосыңыз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blog.valleywestinn.com
С. А