Асүйде тәжірибе жасау — қызықты, ал нәтижесі — өте дәмді болуы әбден мүмкін. Алайда диетологтар тамақтану кезінде қандай өнімдер мен сусындарды үйлестіретініңізге мән беруді ұсынады. Асқорыту жүйесіне зиян келтірмес үшін немесе күні бойына өзіңізді нашар сезінгіңіз келмесе, кей өнімдерді бірге қолданбаған дұрыс.
Құрамында ақуызы көп екі өнім
Мысалы: тауық еті мен ірімшік. Ақуыздық өнімдер ұзақ қорытылады. Ал егер бір тамақта олар екеу болса, онда ол өте ұзақ қорытылады. Сол үшін күні бойы ауыртпалық сезінесіз. Сондықтан бір ақуыздық өнімді көмірсулармен немесе жасұнықтармен үйлестірген пайдалы.
Цитрусты жемістер мен сүт
Мұндай үйлесімді сүтті коктейльдерден және балмұздақтардан кездестіруге болады. Әрине, ол дәмді, бірақ цитрустылардың себебінен сүт асқазанда жұмаршақтанып бастайды да, газды немесе ыстық күйіктің пайда болуына әкеледі.
Сүт пен банан
Коктейльдер мен десерттерге жиі бірге пайдаланылатын ингредиенттер — сүт пен банан. Алайда бұл үйлесім қиын қорытылады. Егер банан қосылған сүт коктейлін қатты ұнататын болсаңыз, ол жақсы қорытылуы үшін оған 1 шым шым даршын немесе жұпар жаңғағын қосыңыз.
Кез келген тамақпен жемістер жеу
Егер негізгі тамақпен немесе бірден одан кейін жемістер жесеңіз, олар асқазанда аши бастайды: ол ауырлық пен қыжыл шақыртып, кекіртеді. Сондықтан жемістерді негізгі тамақтан бір сағат бұрын немесе бір сағат кейін жеу ұсынылады.
Ірімшік пен суық сусындар
Ірімшікті пицца жеп отырып, мұз қосылған сусын ішкенді жақсы көресіз бе? Ал бұл үйлесімнің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе? Себебі суық сусындар ірімшіктің және ірімшік қосылған басқа да өнімдердің қорытылуын қиындатады. Нәтижесінде, ол ішіңіздің ауыруына және жалпы жайсыздыққа әкелуі мүмкін.