Германия халқын қорғау федералды ведомствосы ақпан айының соңында үй карантинін жариялаған жағдайда асүйде болуы тиіс азық-түліктің нақты тізімін жариялаған болатын. Азық-түлікке қатысты бұл нақты мәлімет вирус үшін емес, жалпы төтенше жағдайға арналып жасалғанына бірнеше жыл болған. Ол 10 күнге есептелген. Оны 2 аптаға есептеп ұсынуды жөн көрдік.
14 күндік карантин кезінде бір адамға қажет азық-түлік:
- 28 л су;
- 4,9 кг жарма, нан, картоп, макарон;
- 5,6 кг кепкен жемістер мен жаңғақтар;
- 3,5 кг консервіленген жемістер немесе мұздатылған көкөністер (егер дәрумендерді балғын өнімдерден алғыңыз келсе, алма, алмұрт, цитрустар, сәбіз, қызылша және пияз алыңыз);
- 3,6 л сүт және сүтті өнімдер;
- 2,1 кг ет, балық және жұмыртқа;
- 600 г кілегей және өсімдік майы.
Қосымша қант, бал, ұн, сорпа текшелерін, печенье және шоколад алып қоюға болады.