- Негізгі бет
- Аспаздық
- Борщқа арналған қоспа...
Борщқа арналған қоспа
Ас үй ханшайымдарына керемет идея ұсынбақшымыз: уақытыңыз болғанда көбірек етіп борщқа арналған қоспа дайындап қойыңыз. Оның басты артықшылығы – тамақ істеуге уақыт аз кезде немесе шаршап тұрған кезде барлық қажет көкөністерді ашып, оларды турап тұрмай-ақ кәстрөлге дайын қоспаны салып жіберу. Сіз қосымша тек картоп пен орамжапырақты турайсыз. Оның үстіне бұл қоспаға түрлі көкөністер қосылатындықтан онымен дайындаған борщ өте дәмді болып шығады.
Қажетті ингредиенттер:
- 3 кг қызылша;
- 1,5 кг сәбіз;
- 1 кг болгар бұрышы;
- 1 кг қызанақ;
- 1 үлкен чили бұрышы;
- 100 мл сірке суы (9%-дық);
- 5 ас қасық қант;
- өсімдік майы (қуыруға ғана);
- дәміне қарай тұз;
Дайындалу жолы:
- Болгар бұрышының ішін тазартып, ұзынша етіп тураймыз;
- Пиязды жіңішке жарты сақина етіп тураймыз;
- Сәбіз бен қызылшаны тазартып, үккіштің ірісінен өткіземіз. Ас үй комбайнын қолдануға болады;
- Чили бұрышын дәндерінен тазартып, ұсақтап тураймыз. Міндетті түрде қолғап киіп алыңыз;
- Қызанақты орташа төртбұрышты етіп тураймыз;
- Барлық көкөністі дайындап болғасын оларды бұқтыруға кірісеміз. Ол үшін үлкен кәстрөл керек. Қызған кәстрөлге сұйық май құйып, пиязды 3 минуттай қуырамыз;
- Пияздың үстіне сәбізді салып, 2 минуттай бұқтырамыз.
- Одан соң қызылшаны, болгар бұрышын және чили бұрышын салып, 3 минут бұқтырамыз;
- Содан соң қызанақ, сірке суы, қант және тұз саламыз. Кәстрөлдің қақпағын жауып, 15 минут бұқтырамыз;
- Ыстық көкөністерді зарарсыздандырылған құтыларға саламыз немесе көкөністер толықтай суығаннан кейін пакеттерге салып шығамыз. Екі түрлі етіп те жасауға болады. Егер құтыға салсаңыз, ыстық күйінде ыстық қақпақтармен жауып тастайсыз. Суыған құтыларды тоңазытқышта сақтайсыз, ал пакеттерді мұздатқышқа саласыз. Бұл қоспа ұзаққа дейін бұзылмай сақталады.