- Негізгі бет
- Аспаздық
- Божымық қандай тағам?...
Божымық қандай тағам?
Қазақтың біз білмейтін тағам түрлері әлі де баршылық. "Божымық" та соның бірі. Божымық атының өзі тосын естілгеніндей, дайындалуы да ерекше. Расында біз, божымықты көзімізбен көргеніміз жоқ, дәмін де татқан емеспіз. Алайда назарларыңызға тағамның дайындалу, аталу себебі жайында ақпарат ұсынамыз.
Бұл асты дайындау үшін жаздың күні қойдың етін қақтауға лайықтағандай жаймалап, ашық жерге іліп қояды. Оған шыбын қонып, енді құрттауға айналғанда жинап алады. Шын мәнінде ет божып, ашиды. Етті жуып-тазалап қазанға салып, бір қайнаған соң суын төгіп тастап, қайта жаңалайды. Әрине, мұндай етіп пісірген еттен әуелгіде жағымсыздау иіс шығатыны рас. Бірақ божымықты оның бабын білетін адам даярласа, табаққа салғанда ешқандай иіс те, дәм де қалмайды. Бұлай божып, ашытқан соң етте "холестерин" мүлде қалмайды. Жазды күні ыстықта жас қойдың еті ауырлау соғады. Ал божымық еттің сіңімділігі құстың еті сияқты жеңіл болатындықтан, осылай "божымық" тағамын жасаған.
Міне, бізге бейтаныс "божымық" атты тағамның дайындалуы осы. Ал оның "божымық" атануы – божыту, ашытудан шыққан.
Дереккөз: namys.kz
Н. Үсенова