"Таңғы асты тастама" деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өйткені, түс мезгіліне дейін жұмыс істеп, таңғы астан алған күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сол себепті, таңғы асымызды жауапкершілігі мол іс деп сезінейік.
Әлеуметтік желілерде қолданушылар күн сайын неше түрлі тағамдардың суретін салып жатады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға әр елдің таңғы астарын ұсынамыз.
Қытай.
Майға қуырылған нан, күріш ботқасы және күріш кеспесі.
Гайана.
Көкөністер мен балық қосылған қытырлақ тоқаш нан.
Иран.
Жұқа лаваш пен омлет. Бұл тағам «ку-ку сабзи» деп аталады.
Франция.
Багеттен жасалған бутерброд пен бір шынаяқ кофе.
Жапония.
Жапондардың дәстүрлі таңғы астары - күріш пен сорпа. Май мен кофе және жұмыртқа мен картофель салаты.
Польша.
Езілген еттен жасалған шұжықша мен жұмыртқа.
Египет.
Мадамас - үрмебұршақ, сарымсақ және лимоннан жасалған тағам.
Италия.
Жеміс-жидектерден жасалған джем мен нан.
Орталық Үндістан.
Доса - күрішті және жасымықтық ұннан жасалған шелпек.
Колумбия.
Чангуа - сүттен жасалған ірімшік қосылған сорпа.
Түркия.
Түріктердің таңғы: асы ірімшік, жеміс жидектер, зәйтүн, тосап және омлет.
Бразилия.
Pão de queijo - маниок пен ірімшіктен жасалған бөлке.
Нигерия.
Жүгері крахмалы мен қойылтылған сүттен жасалған сорпа.
Испания.
Сарымсақ пен томат езбесі жағылған қуырылған нан.
Венесуэла.
Ірімшек, тауық секілді салмалары бар жүгері шелпегі.
Камбоджа.
Күріш кеспесі бар сорпа, ет және көкөністер.
Ливан.
Жебіршөп қосылған жұқа нан, кейде ірімшік пен ет те қосып жейді.
Индонезия.
Асшаян, тауық және шұжық қосылған күріш.
Пәкістан.
Nihari - бұқтырылған қой және сиыр еті ми тілімімен бірге қойылады.
Марокко.
Шелпек, бал, зәйтүн, түрікше кофе немесе жалбызды шай.
Израиль.
Шакшука - жұмыртқадан жасалған тағам. Оған қызанақ, пияз және дәмдеуіш қосылады.
Ұлыбритания.
Ұлыбритандықтарда дәстүрлі ингредиенттер: сүрсүбе, жұмыртқа, асбұршақ, қызанық, саңырауқұлақ, шұжық.
Ресей.
Құймақ.
Ал сіз таңғы асқа не жегіңіз келеді? Не жесеңіз де таңғы асты тастамауға тырысыңыз. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: © Tatyana Kildisheva, © Gary Denness, © imnewtryme, © juanjolostium, © fowow, © Craige Moore, © Kake, © angmodanielfooddiary, © Antonio Jordana, shierley.com, © Özgür Mülazımoğlu, © Pankaj Kaushal, flickr.com, © Yuli Chua, © Kamyar Adl, instagram.com, nasha-kuhnya.com
Оқи отырыңыз:
Кешкі ас үшін жеңіл салат дайындап үйренейік
Апельсинді аршудың жеңіл жолы (Видео)
Массагеттен мәзір: "Тауықты мексикалықтарша әзірлеу"
Әр мемлекеттің мектептеріндегі түскі астар