Кейде бұрын соңды дәмін татпаған, ерекше тағам жегіміз келгенде не әзірлерімізді білмей біраз ойланамыз. Осындайда құрамы тек банан мен жұмыртқадан ғана тұратын тез әрі оңай дайындалатын құймақ неге пісірмеске?
Екі жұмыртқаны ыдысқа құйып, араластырамыз
Бананды шанышқымен осы не бөлек ыдыста еземіз
Банан езбесі мен жұмыртқаны жақсылап араластырамыз
Табаны майлап, құймақ қызарғанша екі бетін кезек пісіреміз
Банан қосылған құймақ дайын. Нутелла не басқа паста жағып жесеңіз, тіптен тамаша!