- Негізгі бет
- Аспаздық
- Бәліш сәндеудің 4...
Бәліш сәндеудің 4 әдісі
Дәмді бәліш жасау - бір ғанибет. Ал дәмді, әрі сәнді бәліш жасау одан жақсы. Сондықтан бүгін біз ас үй ханшайымдарына бәлішті сәндеудің бірнеше жолын көрсетіп өтпекпіз.
Бәліштің бетін тормен "қаптау" үшін...
Қамырды 7 мм-ден кем қылмай жайып алыңыз да, көлденеңінен 1,5 см өлшеммен теңдей етіп бөліңіз.
Кесілген қамырларды торлап бәліштің бетіне қойып шығыңыз. Ең алдымен ұзындарын қойып алған дұрыс.
Тор дайын болған соң шетіндегі артық қамырларды кесіп тастаңыз.
Бәліштің жиегін "өріп" қою үшін...
Алдымен табадағы қамырдың шетін аздап сулап аламыз. Көлденеңінен 5–7 мм өлшеммен кесілген үш ұзын қамырды шетіне қарай өріп шығамыз.
Бәліштің шетін "толқындату" үшін...
Бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен арасын 1 см-дей етіп ирелектеп шығыңыз.
Бәліштің шетін "шахматша" сәндеу үшін...
Ас үйге арналған қайшының немесе пышақтың көмегімен бәліштің шетін шамамен 1 см-дей өлшеммен шаршы іспеттес етіп кесіп шығыңыз.
А. Әбілхан