- Негізгі бет
- Аспаздық
- Балаға сарымсақты қай...
Балаға сарымсақты қай жастан бастап беруге болады?
Сарымсақ — тамаққа ащы әрі татымды дәм сыйлау үшін қолданылатын дәмдеуіш. Сарымсақтың пайдасын әрбір адам біледі. Бұл табиғи құрал тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы кезінде ерекше бағаланады. Бірақ денсаулыққа зияны келмес үшін оны балаға неше жастан бастап және қанша мөлшерде беру керегін білу маңызды.
Сарымсақтың балаға пайдасы
Сарымсақ — ересекке де, балаға да қажетті пайдалы заттардың көп мөлшері бар өсімдік. Оның құрамына А, В, С, D дәрумендер тобы, микро- және макроэлементтер, фитонцидтер мен фитостериндер кіреді. Оны табиғи антибиотик деп атайды. Оған қоса, ол пайдалы бактерияларды жоймайды және ішектер микрофлорасына зиян келтірмейді.
Бұл көкөністің балаға пайдасы мынадай:
- Иммунды жүйені қатайтады және тұмау ауруларының дамуын алдын алады;
- Тәбетті ашады;
- Сарымсақ қосылған сүт жөтелді және тұмаудың басқа белгілерін жеңілдетеді;
- Гельминтозбен күреседі;
- Зат алмасуды ынталандырады;
- Атеросклероз даму қаупін төмендетеді;
- Артериялық қысымды қалыпқа келтіреді;
- Қанның сұйылуына ықпал етеді және ас қорыту жүйесі жұмысын жақсартады.
Кішкентай сәбилерге неліктен сарымсақ беруге болмайды?
Бұл көкөніс пайдалы қасиеттерінің көптігіне қарамастан кішкентай сәбилерге зиянын тигізуі мүмкін:
- Шикі сарымсақтар — айтарлықтай ауыр тамақ. Сондықтан ол ас қорыту жүйесіне үлкен жүк түсіруі мүмкін;
- Татымды көкөністің тістері асқазан мен ішектер шырыштысын тітіркендіреді. Сондықтан гастрит, колит, асқазан мен аш ішек жарасымен қиналатын балаларға сарымсақ жеуге тыйым салынады;
- Сарымсақты көп мөлшерде жеу іштің ауыруына, іш кебуге және басқа асқазан бұзулуларына әкеледі;
- Сарымсақты қояншық, бүйрек аурулары бар және дене температурасы жоғары балаларға беру ұсынылмайды.
Баланың сарымсаққа аллергиясы бар болуы әбден мүмкін. Аллергия кезінде артериялық қысым түсіп кетеді және денесіне бөртпелер шығып кетуі мүмкін. Сондықтан оны балаға аз-аздан бастап беріп бақылау қажет.
Сарымсақты балаға қай жастан бастап беруге болады?
Оны балаға қашаннан бастап беру сарымсақтың түріне байланысты. Мысалы, оның суға қайнатылған, бұқтырылған немесе буда піскен түрін балалар мәзіріне 9-10 айдан бастап қоса беруге болады. Ал оның шикі түрін балаға 3 жасқа дейін бермеген жөн.
Сарымсақты бала тамағына қосу ережесі:
- Баланы сарымсақпен таныстыру кезінде оның бір тісінің жартысынан көп беруге болмайды. Кішкентай бөлігін ғана беріп көріңіз;
- Бала 1 жасқа жеткен кезде сарымсақ бөлігін көкөністер пюресіне, сорпаларға және етті тағамдарға қосуға болады. Бірақ ол термиялық өңдеуден өткен болуы керек;
- Сарымсақ бала рационында аптасына 1-2 реттен жиі болмауы керек;
- 3 жастан асқан балаларға бұл татымды көкөністі етті тағамдарға, салаттар мен тіскебасарларға қосуға және бутербродқа жағуға болады;
- 3-4 жастан асқан балаларға аптасына 3-5 рет 1 сарымсақ тісінен жеу қалыпты саналады;
- 10 жасқа жеткен балалардың тәуліктік нормасы 2-4 сарымсақ тісіне артады.