- Негізгі бет
- Аспаздық
- «Айс ти» ішкенді...
«Айс ти» ішкенді ұнатсаңыз...
Жаздың аптап күнінде көптеген адам айс тиге тапсырып беріп, шөлін қандырады. Расында да бұл шөлді басатын дәмді әрі сәнді сусынның бірі.
«Айс ти» - жаңа ғасырдың сусыны емес. Ол жүз жыл бұрын да танымал болған. Америкалық саудагер Ричард Блечинден - айс тиді алғаш дайындаған адам.
1904 жылы Миссури штатының Сент-Луис қаласында өткен шай көрмесінде Ричард қонақтарға сусынының дәмін татып көруді ұсынды. Алайда күн ыстығында ешкім оның ыстық шайын ішкісі келмеді. Сонда Ричард мұз тауып, жаңа сусын ойлап тапты. Салқын шаймен шөлін басқысы келген адамдар тізіліп, кезекке тұрды.
Дүкенде сатылатын «ice tea»-дың орнына үйде жасап, ішкен дұрыс. Оны дайындау үшін қара, көк немесе қызыл шайдың сапалы сұрыпын таңдаңыз. Қайнату барысында мейлінше қою еткеніңіз жөн. Себебі мұзбен араласқанда шайыңыз сұйылады.
Шайды қайнату үшін шыны не фарфор шәугімін пайдалансаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Айс тиге қосымша шырын, сипор, жеміс-жидек, жалбыз, даршын қосып, дәмін түрлендіруге болады.
Шайды араластырған соң бөлме температурасына дейін жылытып, мұзы бар стақандарға құйып шығыңыз.
Ал сіз айс ти ішкенді ұнатасыз ба? Шайыңыз дәмді болсын!
Ф. Абилова